22 Август
11:35
Астана: 24 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
15 маусым 09:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Boeing компаниясы өзінің су жаңа ұшағын таныстырды (видео)
Boeing компаниясы Ле-Буржеге өзінің су жаңа Boeing 787-9 Dreamliner ұшағын аттандырды. Ол Vietnam Airlines деген жазумен әсем безендірілген.


Ғаламтордағы «youtube Boeing» желісінде ұшақ ұшқыштарының өз өнерлерін паш етуге дайындықтары бейнеленген бейнематериал жарияланды. Авиалайнердің маневрлері таңдай қақтырады.

Айта кетейік, 51-ші халықаралық «Ле Бурже-2015″ авиағарыштық салоны француздық астананың маңында 15-21 маусым аралығында өтеді, деп хабарлайды Сегодня.

Ле-Бурже (французша — Le Bourget) авиасалоны әлемдегі ең ірі авиасалондардың бірі, ол екі жылда бір рет Париж қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 12 шақырым қашықтықта орналасқан Ле-Бурже әуежайында ұйымдастырылады.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    906
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии