13 Декабрь
09:44
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Спорт
4 мамыр 16:36
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Боксшы Флоид Мэйвезер иеленген барлық титулынан бас тартпақ
Американдық боксшы Флоид Мейвезер бүгін иеленген әлем чемпионының үш атағынан дүйсенбі күні бас тартатынын мәлім етті. Ол бұл туралы жекпе-жектен кейін өткізген баспасөз мәслихатында айтты.

Көпшілік «ғасыр жекпе-жегі» деп атаған 12 раундтық кездесу бүгін Лас-Вегасте (АҚШ, Невада штаты) MGM Grand қонақ үйінің аренасында өтті. Ұпай бойынша американдық боксшы жеңіске жетті. Үш төреші де 118:110, 116:112, 116:112 есебімен Мэйвезерді үздік деп тапты, деп хабарлады ТАСС.
Осылайша 38 жастағы Мейвезер Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA), Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) және Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) нұсқалары бойынша 66,68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионының үш атағын иеленді.
Боксшы баспасөз мәслихаты барысында сондай-ақ Мэнни Пакьяомен жекпе-жегінде тапқан табысының көлемі $200 млн дейін болуы мүмкін екенін жеткізді. Ол қазір $100 млн қаржыға чектің иесі. Бұл кепілдендірілген сома, оның табысы телетрансляцияға құқығын сату және басқа да көздерден түсетін пайда есебінен ұлғая алады.
Мэйвзер – ВБА және ВБС нұсқасы бойынша бес салмақ санатында чемпиондық белбеулердің иегері. Ол 47 рет жеңіске жетіп, (28 нокаут) бірде-бір рет жеңілмеген.
 
нравится:    735
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии