24 Август
12:40
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Спорт
15 тамыз 16:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Болашақта барлық жазғы Олимпиада ойындары тоқтатылуы мүмкін


Климатологтардың деректеріне сүйенсек, 70 жылдан кейін Солтүстік жарты шарда Олимпиада ойындарын өткізе алатын сегіз қала ғана қалмақ.  Сондай-ақ америкалық ғалымдар ғаламдық жылыну салдарынан болашақта барлық жазғы Олимпиада ойындары тоқтатылуы мүмкін екенін айтуда.  
Берклидегі Калифорния университетінің климатологтары халқы кемі 600 мың адамды құрайтын қалалардың температурасын, ылғалдылығын, жылу радиациясы мен жел жылдамдығын зерттеген. Зерттеу нәтижесі бойынша 2084 жылы Солтүстік жарты шарда Олимпиада ойындарын өткізе алатын 8 қала анықталған. Атап айтсақ бұл тізімде Санкт-Петербург, Красноярск, Рига, Бішкек, Ұлан-Батыр, Сан-Франциско, Калгари мен  Ванкувер бар.
Сонымен қатар мамандар Батыс Еуропада спорт сайыстарын өткізе алатын 25 қала ғана қалады дейді. Қалған қалаларда адам төзбес ыстық болады екен. Осы орайда ғалымдар спорт сайыстарын ашық аспан астында өткізуді ұсынбақшы.

Дереккөз: Аргументы и факты
нравится:    976
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии