21 Август
08:51
Астана: 11 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
5 тамыз 11:58
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Болашақта сиыр мен тауық жасанды етін жейміз бе?

 
Ғаламда жобалар жаңғырығы болып жатыр. Соның бірі жасанды ет. Иерусалим университетінің профессоры Яков Нахмиас әлем назарына тауық етін жасушадан өсіруге мүмкіндік беретін Supermeat технологиясын ұсынып отыр.
 
Бұл әлемдегі аштықтан бастап экологиялық жағдайға дейінгі бірнеше мәселені бірден шешеді – дейді компания басшысы Коби Барак. 
Тауықтан жасушалар алынып, көбейтіледі. Барактың сөзінше бұл ет пайдалырақ болмақ. Себебі жануарлардың өсуін тездетіп, генін өзгертудің қажеті жоқ. Сондай-ақ бұл арзан. Тауықты бауыздап, сойғаннан гөрі, тауық етін өсірген жақсы-мыс. Дәмі мен құрамының да табиғи еттен еш айырмашылығы болмайды. Бұл жоба құр қиял емес. Бұдан бұрында жүзеге асқан. 2013 жылы алғашқы зертханалық бургер Лондонда шығарылған. Осы оқиға бұл технологияны әрі қарай дамытуға түрткі болған еді. Қазіргі уақытта сиырдың зертханада өсірілген еті Impossible Burger жобасының шеңберінде бургер түрінде ұсынылып жүр.
 


Жоба өкілдерінің бірі Ронен Бар:
- Біз ешқашан эксперимент үшін эксперимент жасаған емеспіз. Біз енді бұл жобамызға нақты сенімдіміз. Зертханалық ет бұқаралық нарыққа шығуы мүмкін. Оның әрі қарайғы сатылымы, дамуы тұтынушыларға байланысты болмақ. Supermeat технологиясы тағам индустриясын, осы нарықтағы ойын ережесін өзгертеді. Екі жылда біз ет өсіретін машинаның қаңқасын жасамақпыз. Бұған 500 мың доллар жинаймыз – дейді.  


 
Ронен Бар жануарлардың құқығын қорғайтын ұйымдардың да өздерін қолдайтынына сенімді. Әлемдегі үлкен ұйымдардың бірі Mercy For Animals  компаниясы жоба туралы видео жариялап та үлгерген. Оны 1,5 млн адам көрген.
 
Бұл әсіресе мал етін женмейтін вегетариандарға жақсы. Бірақ «зертханалық ет» деген сөздің өзі тұтынушыларды шошытады. Біз күні бүгінге дейін генетикалық модификацияланған ағзалардың, пальма майының қаншалықты зиянды екені туралы дауласып келеміз. Ал бұл технология көпшілікке түсініксіз. Менің ойымша ол жақын арада шықпайды – дейді сарпашы Майкл Уитсон.
 
 Дереккөз: metronews.ru
нравится:    746
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии