24 Август
11:08
Астана: 24 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
24 наурыз 16:40
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Болашақта сұранысқа ие болатын 10 мамандық
Бүгінгі оқушылар мен ата-аналардың назарына – болашақта сұранысқа ие болатын 10 мамандық.

1. Жеке бас мәліметтерді қорғаушы


Сіздің әлеуметтік желідегі аккаунттарыңыздағы, электронды поштаңыздағы, менеджерлеріңіздегі және т.б. жеке мәліметтердің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ететін маман.

2. Қала бақылаушысы


Мегаполистегі жас көшеттер сарапшысы. Осы саладағы маман үй шатырында және көп қабатты үйлердің үстінде өсімдік өсіруге көмектесетін болады.

3. Табиғи интерфейстер дизайнері


Жаңа буын гаджеттерін қатардағы қолданушыларды басқаруға бейімдейтін программист. Оның міндеті қарапайым қолданушылардың  ым-ишарасы мен дыбыс командаларын құрылғыларға анықтап тануын бағдарлама арқылы үйрету.

4. Краудфандинг маманы

Стартаптарға арналған құралдарды kickstarter-ге ұқсас сервистерінің көмегімен жинақтаушы маман. Бұл авторларға құрылғыларын жасап шығару үшін қанша қаражат қажет екенін және анықтамасын жазуға болатын сайт.

5. Қосымша шынайылықты жасаушы


Гаджеттерге арналған Google Glass-ке ұқсас бағдарламаларды жасайтын маман. Мысалы, дәрігер пациентке ерекше көзілдірік арқылы қарап, рентген түсірілімін және анализдер нәтижесін проекциялай алатын болады.

6. Қалдықтарды қайта өңдеу сарапшысы


Бұл саланың мамандары қалдықтарды қайта өңдеу мүмкіндіктерін саралап, қуат көзі ретінде пайдалануға болатын-болмайтынын анықтайды.

7. ГМА инженері


ГМА қолданбай әлемнің тез өсіп келе жатқан жұрты өз-өзін құнарландыра алмайды. ГМА инженерлері агроөнеркәсіп кешенінде сұранысқа ие бірден-бір маман иелері болады.

8. Білмекке құмарлықты тәрбиелеуші

Адамның қоршаған ортаны білуге құмарлығын арттыру үшін жалданатын жеке кеңесші. Білімі бойынша психолог бола алатыны сөзсіз.

9. Нанотехнолог


Медицина, электроника, IT-индустрияда нанотехнология пайдалану арқылы нысандар жасайтын инженер. Нанороботтар жасау ең танымал бағыт болады.

10. Имплантанттар дизайнері


Медицина мен дизайнның дамуынан туындаған мамандық. Бүлінген немесе ауру мүшелер мен аяқ-қолдарды «ақылды» имплантаттармен алмастыратын мамандар.

bilim-all.kz
нравится:    2010
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии