19 Август
22:44
Астана: 15 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
21 маусым 16:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Болат Сыздықовты еске алу кеші өтеді


Бүгін - 21 маусым - Болат Сыдықовтың туған күні.

СЫЗДЫҚОВ Болат Мұратұлы (1956-2016) - гитарист, «Мюзикола» дуэтінің музыкалық продюсері.
Қарағанды қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтының мәдени-ағарту жұмыстары факультетін бітірген.
1973 ж. - Қарағанды мемлекеттік филармониясының әншісі.
1974 ж. - Қызыл тулы Орта Азия әскери округінің дивизия штабы әскери оркестрінің әншісі.
1976 ж. - республикалық «Гүлдер» ансамблінің әншісі.
1979 ж. - «Арай» тобының әншісі.
1983 ж. - «А-Студио» тобының гитарисі.
1989 ж. - М.Дунаевскийдің басшылығымен «Имакс» шығармашылық орталығының әншісі (Мәскеу).
Бүкілодақтық эстрада әртістері конкурсының лауреаты (Мәскеу, 1982), «Big Apple Music-96» танымал музыка халықаралық конкурсының бірінші сыйлығы лауреаты (г. Нью-Йорк).

Мамыр айының 7-сі күні белгілі музыкант Болат Сыздықов дүниеден озған болатын. Бүгін ол 60 жасқа толар еді.

Бүгінде Болаттың достары мен әріптестері музыканттың туған қаласы Қарағандыда оны еске алу кешін өткізуге дайындық жұмыстарына кірісіп кетті. Кеш 25 маусымға жоспарлануда.



Кеште Карина Абдуллина, Болат Құсайынов, Ерлан Көкеев сынды жұлдыздар өнер көрсетеді. Концертте жиналған музыканттар Сыздықов мырзамен орындаған туындыларын ел назарына ұсынады.
Осылайша қарағандылықтар үшін керемет кеш ұйымдастырылғалы жатыр. Ендеше, қапы қалмаңыздар.

 
нравится:    658
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии