|    |  
21 қараша 2018
04:46
қаз
Болливуд жұлдызы ислам дінін қабылдап, тұрмысқа шықты
11 наурыз, 15:42 112

Үндістан елінің белгілі актрисасы Дипика Какар мұсылман жігітімен көңіл жарастырып, Ислам дінін қабылдады. Индуизм дінін қатты ұстанатын отбасында өскен актриса осылайша мұсылман жігітіне күйеуге шығып, өмірімен бірге дінін де өзгертті.


Кәлимаға тіл сындырып, мұсылман атанғаннан кейін Дипика Какар өзінің есімін де өзгертуді де жөн санапты. Қазір оған Фаиза деген ныспы қойылып, барлығы осы есімімен атай бастаған.

«Басымнан өтіп жатқан сезімдерді сипаттап жеткізуге тілім жетпейді. Күйеуге шыққан күнімнен бастап өмірім өзгеше әлемге айналып кеткендей», – дейді ол сезімдері жайлы.

Дереккөзі: muslim.kz
Жаңалықтар