Әлем жаңалықтары
3 қыркүйек 16:55
Бортында жерлесіміз бар ғарыш кемесі жапон зымыранының қалдықтарымен соқтығыса жаздады
Бортында жерлесіміз бар «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі жапон зымыранынан қалған бөлікті айналып өтті.



Бұл туралы «Роскосмос» агенттігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. «Союз» кемесінің ғарыш кеңістігіндегі зымыран қалдығымен соқтығыспау жөніндегі шараларды Ресей және АҚШ-тың ұшуды басқару орталығының мамандары бірігіп жүзеге асырды.

1989 жылы ұшырылған жапондық зымыранның қалдығын айналып өткен «Союз» кемесі Халықаралық ғарыш стансасына сапарын ойдағыдай жалғастыруда.

«Союз» ғарыш кемесі 4 қыркүйек күні Халықаралық ғарыш стансасына жетуді жоспарлап отыр.


Дереккөзі: 24 kz

Комментарии




Яндекс.Метрика