23 Август
00:36
Астана: 19 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Кербез
3 тамыз 10:36
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Бос уақытта жұмыс туралы ойламаудың 5 тәсілі

Бәріміз жұмыста табысты болғымыз келеді. Бірақ кейде аз уақыт болсын өзіңізге демалыс сыйлап тұрудың маңызы зор. Бірақ біз демалыста жүріп те жұмыс туралы ойлаймыз! Солай ғой? Ал одан қалай құтылуға болады? Жауабын төменнен оқыңыздар! 

Курсқа жазылыңыздар! 

Жұмыстан кейін ол туралы ойламаудың алғашқы амалы түрлі крстарға жазылу. Ол тіл үйрену немесе тігін тігу болса да бәрі-бір. Бастысы ол шығармашылық, әлде интеллектуалды жүйе де болса болғаны. Бұл жұмыстан демалу әрі уақытты бос өлтірмеуге көмектеседі.

Спортпен айналысу.

Спортзалдарға бару, велосипедпен тебу, жүгіру мұның барлығы физикалық күш жұмсайтын болғандықтан ойдың жұмысын бәсеңдетеді.



Достармен кездесу. 

Жұмыстың қиындығы ойыңыздан шықпай қойса, достарыңызбен бірге киноға, театрға немесе кешкі асқа барыңыз. Өзгелермен қарым-қатынас ой-өрісіңіздің дамуына әсер етеді.

Табиғатта серуендеу. 

Таңертең және кешке жүгіруді әдетке айналдырыңыз. Ол бойға сергектік сыйлайды.

Балаларға көңіл бөлу. 

Егер сіздің балаларыңыз болса, оларға көбірек уақыт бөлуге тырысыңыз. Олар сіз жалықпайтын ойындарды ұйымдастыра алады,болмаса олар үшін мереке үйымдастырыңыз. Бұдан сіздің қатты шаршайтыныңыз анық, десе де балалардың күлкісі оны жазып жібереді.

http://ikerim.kz/2017/07/27/bos-uakytta-jumys-turaly-oilamau/
нравится:    90
Теги: Аруларға кеңес, Психология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии