19 Август
18:50
Астана: 21 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
5 қазан 15:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Босқындарды құтқарған діни қызметкер Нобель сыйлығына ұсынылды

Теңізге батқан босқындарды құтқарған шіркеу қызметкері Нобель сыйлығына ұсынылды. Муси Зэраи – жүздеген келімсекке көмек қолын Италияда бірінші болып созған азамат. Жерорта теңізіне шыққан босқындар оның телефон нөмірін жазып алса керек. Қайық суға кеткенде шарасыз босқындар сол бойы Мусиге қоңырау шалыпты. Бірден жағалау күзетшілеріне хабар берген ол өмірі қыл үстінде қалған көпшілікті құтқаруға аттанады. Шіркеу қызметкерінің арқасында қазір 5 мың босқын жан сақтап отыр. Айта кетейік, Нобель сыйлығына биыл 276 адам үміткер. Жүлденің кімге бұйыратыны осы жұма Ослода белгілі болмақ. Муси Зэраи, шіркеу қызметкері: - Көмекке зәру адамдарға әрдайым септігімді тигізуге дайынмын. Егер Нобель жүлдесін алсам, мен үшін үлкен сый болмақ. Қолынан келсе, біреуге көмектесу әр адамның парызы деп білемін. 

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    696
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии