23 Август
19:47
Астана: 28 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Мәдениет
13 мамыр 17:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бостон музейі ұрланған экспонат туралы мәлімет берген адамға 100 мың доллар төлемек
Бостондағы Изабелла Стюарт Гарднер музейі ұрланған экспонаттардың бірін қайтаруға көмектесетін ақпарат үшін 100 мың доллар төлеуге дайын. Бұл туралы хабарлама мұражайдың ресми сайтында жарияланған. Оның авторлары қолды болған зат туралы қажетті мәліметтерді ұсынатын адамның есімін құпия ұстауға уәде береді.



Мәселе наполеондық лейб-гвардия штандартының жоғары жағындағы биіктігі 25 сантиметрге жуық бүркіттің қола мүсіні туралы болып отыр. Ол 1813-1814 жылдары жасалған.
Мұражайда түсіндіріп өткендей, экспонат 1990 жылдың 18 наурызында ұрланған. Бостон полициясы офицерлерінің киімін киген белгісіз екі адам музейге кіріп, дабыл жүйесіне қосылмаған 13 өнер туындысын алып кеткен. Соның ішінде 12-сі - Рембрандт, Эдуард Мане, Ян Вермеер және Эдгар Дег сияқты суретшілердің көркем туындылары. Оларды іздеу жұмыстары жалғастырылуда. 
 
 
нравится:    889
Теги: Театрлар, мұражайлар, көрмелер,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии