17 Август
19:36
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Әлем жаңалықтары
29 мамыр 10:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бостондағы жарылысқа қатысты айыпталған Қазақстандықтар жазасын елімізде өтеуі мүмкін
Бостондағы жарылысқа қатысты айыпталған Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжияқов үкім  кесілген күннің өзінде жазаны елімізде өтеуі мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.


Диас Қадырбаев 7 жылға жаза кесілуі мүмкін. АҚШ прокурорлары жерлесімізге осында жаза кесуді сұрап отыр. Сот соңғы нүктені келесі аптада қоймақ.

Бұл іске тағы бір қазақ баласы – Азамат Тәжияқовтың да қатысы бар. Оған алқа билер шешімімен 20 жылға мерзім берліген. Бірақ әзірге Тәжияқовтың да үкімі күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, енді бұл екеуіне үкім кесілген күннің өзінде жазаны елімізде өтеуі мүмкін. Қазақстан мен АҚШ сотталған азаматтарды бір-біріне қайтару жөнінде келісім жасап жатыр. Заң жобасын Мәжіліс бекітіп те қойған. Құжатқа сәйкес, тараптар бұдан былай қашқын қылмыскерлер мен заңсыз аударылған қаржыны қайтаруға мүмкіндіктері бар.

“Парламент пен елбасы қол қойған жағдайда, онда кез келген қылмыстық іс бойынша Қазақстан да, АҚШ та бір-біріне осындай көмек көрсету жөнінде өтінішті жіберуге болады. Жақында тағы келеміз, панамерикан Одағының конвенциясына қосыламыз деп. Оған қосылсақ, оларды елге алдыруға мүмкіндік болады”, – дейді Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов.
нравится:    615
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии