Әлем жаңалықтары
26 қыркүйек 10:37
​Бойшаң адамдардың варикозға жиі шалдығатыны анықталды
Варикоздың кеңеюі бойшаң адамдар үшін аса қауіпті. Америкалық ғалымдар осындай қорытындыға келген.



Зерттеуге 400 мыңнан астам адам қатысқан. Ғалымдар варикоздың даму қатерін арттыратын гендерді іздеген. Сондай-ақ көрінбейтін қатер факторларын анықтау үшін нейрон желілерін пайдаланған.

Варикозбен және тромбозбен байланысты 30 геннен бөлек авторлар варикоздың бойшаң адамдарда жылдам асқынатынын анықтаған.

Әлемде варикоздан әйелдердің 89 %, ерлердің 66 % зардап шегеді. Сондай-ақ варикозды асқындыратын факторлардың арасында жүктілік, физикалық салмақ, темекі тарту, биік өкшелі аяқ киім кию факторлары бар.

Дереккөз: gazeta.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика