Әлем жаңалықтары
2 қаңтар 14:49
Бойжеткен қайтыс болардан бірнеше сағат бұрын тұрмысқа шығып үлгерген



Қатерлі дертке душар болған америкалық бойжеткен қайтыс болардан бірнеше сағат бұрын тұрмысқа шығып үлгерген. Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған оқиға туралы РИА Новости хабарлайды.

Хезер Линдси бір жылға жуық сүт безі обырына қарсы күрескен. Оның сүйіктісі — Девид Мошер — 2016 жылы желтоқсанда үйленуге ұсыныс жасамақ болған, дәл сол кезде Линдсиге диагноз қойылған. Алайда, қатты ғашық болған жігіт өзінің сүйіктісінің жазылмас дертке шалдыққанына қарамастан, оны тағдыр тәлкегіне тастамай, үнемі қатында болуға бел буған.

Үйлену тойы 2017 жылғы 22 желтоқсанда өткен. Салтанатты рәсім қалыңдық жасанды жолмен тыныстандыру аппаратына таңылғандықтан, ауруханада өткен. Неке қию рәсімінен кейін 18 сағат өткен соң Хезер көз жұмған.

Әлеуметтік желіде жарияланған фотоға Желі пайдаланушылары көптеген пікірлер қалдырып, «бұл адамзат тарихындағы ең әсерлі үйлету тойының фотосы» деген баға беріп жатыр. 
 
 

Комментарии




Яндекс.Метрика