|    |  
14 желтоқсан 2018
05:40
қаз
Бойжеткен өз-өзіне тұрмысқа шықты
12 қазан, 15:15 121



Уганданың 32 жасар тумасы Лулу Джемиму есімді бойжеткен туыстарының тұрмыс құруға үгіттеу сөздерінен шаршап, өз-өзіне тұрмысқа шыққан, деп хабарлайды Ghafla.
 
Жоғары білім алу үшін Аустралияға қоныс аударған бойжеткен Сиднейдегі Маккуори университетінің бакалавриатын тәмамдап, Ұлыбританияның Оксфорд университетінің магистратурасына қабылданған.
 
Алайда, отбасы мүшелерін оның білімқұмарлығы емес, жеке өмірі көбірек алаңдатқан. Себебі Угандада бойжеткен қыздың тұрмыс құрып, ана атануы өте маңызды.
 
«Туыстарым мені көрген сәтте-ақ қашан тұрмысқа шығатыным туралы сұрақтың астына алады. Мен 16 жасқа толғанда әкем менің тойымда сөйлейтін сөзін дайындай бастады», - дейді Лулу.
 
Сондықтан, бір күні ол достарымен бірге қожайыны өзінің танысы болып табылатын барда үйлену тойын ұйымдастыруға шешім қабылдаған. Лулу тойға қалыңдық көйлегімен келіп, қасында неге күйеу жігіттің жоқ екенін достарына түсіндіріп, өз-өзіне неке антын берген.
 
«Келесі күні үйге хабарласып, болған жайтты айтқанымда анам біраз таңырқап, не айтарын білмей қалды. Соңында менің қалыңдық көйлегін кигенімді тұрмыс құруға дайын екенімді дәлелдейтін факті ретінде қабылдады», - дейді бойжеткен.
 


 


Жаңалықтар