20 Октябрь
00:29
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
16 қыркүйек 12:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Бойжеткен суреттерін өзінің рұқсатынсыз жариялағаны үшін ата-анасын сотқа берді

 
Австрия тұрғыны өзінің суреттерін рұқсатсыз жеті жыл бойы Facebook әлеуметтік желісінде жариялағаны үшін ата-анасын сотқа берді.
 
18 жастағы бойжеткен ата-анасының 2009 жылдан бері ашық-шашық әрі ұяттау суреттерін жариялап, өмірін құртқанын айтып отыр.
 
«Олар ұялмастан менің дәретханада отырған суретімді, керуетте киімсіз жатқан суреттерімді жариялады»-дейді.
 
Бас-аяғы әлеуметтік желіге 500 сурет салынған. Ал қыздың әкесі болса суреттердің авторы болғандықтан жариялауға құқығы бар екенін айтуда.
 
Қызды сотқа жүгінуге ата-анасының суреттерді өшіруден бас тартуы итермелепті. «Мен ата-анамның мені бала санап, салмақты қабылдамайтындықтарынан шаршадым»-дейді өзі.
 
Бұл бала күнгі суреттерін ғаламторда жариялағаны үшін ата-анасын сотқа берген бірінші оқиға болып отыр. Енді бойжеткеннің адвокаты оның ата-анасының қыздарының жеке өміріне қол сұққандарын дәлелдеуі тиіс.
 
Австрияның әлеуметтік медиаға қатысты заңдары өзге елдердегідей аса қатаң емес. Мысал үшін Францияда бөтен біреудің суретін жариялағаны үшін екі жыл абақтыға жауып, 45 мың еуро көлемінде айыппұл салады.
 
Дереккөз: Лента.ру
нравится:    789
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии