21 Август
19:46
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
30 маусым 09:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Бойжеткен YouTube-қа видео түсіремін деп абайсызда жігітін өлтіріп алды
АҚШ-тың 19 жастағы тұрғыны Монализа Перес YouTube-қа салатын видео түсіріп жатып, абайсызда 22 жастағы жігіті  Педро Руизды өлтіріп алған.


 
Олар ролик түсіру үшін тапанша мен мұқабасы қалың кітапты алған. Перес тапаншамен сол қалың кітаптан Руизды атпақ болған. Трюкты түсіру үшін бөлмеге екі камера орнатыпты. Бұл көріністі олардың үш жастағы баласы мен отызға жуық көршісі тамашалап тұрыпты. Бірақ оқ энциклопедиядан өтіп,  Руиздың кеудесіне тиген. Бойжеткен дереу жедел жәрдем шақырғанымен, жігіт жан тәсілім еткен.
 
19 жастағы Монализа Перестің өзі жүкті. Мұндай ролик түсіру идеясын марқұмның өзі айтыпты. Олар осындай қауіпті трюк арқылы YouTube-тегі каналдарының танымалдылығын арттыруды көздепті. Олар YouTube-тегі видеоблогты ерте ата-ана атанған жастардың өмірін көрсету үшін биылғы жылдың наурызында ашыпты.
 
Енді Монализа Перес он жылға бас бостандығынан айырылуы және 20 мың доллар айыппұл төлеуі мүмкін.
 
Дереккөз: www.bbc.com/russian
нравится:    115
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии