24 Август
11:09
Астана: 24 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
28 маусым 17:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бозбала әпкесін зорлаған әкесін өз қолымен буындырып өлтірді


Үндістанның Джамнагар қаласында бозбала өз әкесінің тұрмыс құрған әпкесін зорлағанын естіп-білгеннен кейін оны өз қолымен буындырып өлтірген.

19 жасар бозбаланы Гуджарат қаласында тұратын әпкесі қонаққа шақырып, үйіне төркіндеп барған кезде әкесі оны екі рет зорлағанын айтып шағымданған.

Мұны естіген бозбала ашуға мініп, тез арада әкесін кездесуге шақырады. Алдымен олар бір-біріне қатты дауыс көтеріп, арадағы мән-жайды анықтамақ болады. Содан кейін қатты ашуға ерік берген бозбала әкесін буындырып өлтіреді. Қазірол полиция бөлімшесінде қамауда отыр.

Бозбаланың әпкесі полицейлерге күйеуімен арада келіспеушіліктер орын алғаннан кейін төркініне барып тұруға бел байлағанын, ал әкесінің үйге 10-15 күнде бір рет қана келіп-кететінін айтып, түсініктеме берген.

Қылмыстар бойынша статистика ұлттық бюросының ресми деректеріне сәйкес Үндістанда күн сайын 90-нан астам зорлау әрекеттері тіркеледі, алайда сарапшылар шын мәнінде нақты статистика цифрлары бұдан да жоғары екенін тілге тиек етіп отыр. 


Дереккөзі: https://life.ru

 
нравится:    675
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии