Әлем жаңалықтары
7 қазан 10:16
Браконьерлер 14 пілді улап өлтірді

Зимбабве саябақтарында браконьерлер цианидпен 14 пілді улап өлтіріп, алтауының азуын арамен кесіп алған. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.
26 қыркүйекте  Хванге ұлттық саябағында алты пілдің өлі денесі табылса,  2 қазанда қалған бесеуі табылған. Сондай-ақ Матусадон ұлттық саябағында тағы үш пілдің улап, өлтірілгені анықталды. Саябақтардың баспасөз хатшысы Кэролайн Вашайя-Мойоның (Caroline Washaya-Moyo) ақпаратына сенсек, тілдердің барлығы браконьерлердің қолынан уланған.

Арнайы мамандар уланып өлген пілдердің бүйрегі мен бауырын арнайы тексеруден өткізіп, қаскөйлердің пілдерге  цианид  қосылған апельсин бергендігін анықтап отыр. Аталған іс бойынша әлі ешкім тұтқынға алынған жоқ. Бірақ тексеру жұмыстары жалғасуда.

Комментарии




Яндекс.Метрика