17 Декабрь
23:48
Астана: -18 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
16 қыркүйек 17:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Брайан Трейсидің байлыққа жетудегі 21 жолы
Өзіңді өзің төмен бағалауың және үлкен табыстарға қолыңды жеткізе алмағандықтың ең басты себебі : батыл қимылдаған адамдардың барлық жақтардан өзіңнен жақсы екендігінде сенімділік. Бірақ бұл мүлдем жалған ой!


1.Ұлыны арманда


Егер өзіңе 100 пайыз жетістікке жетуіңнің кепілі берілсе, сонда қандай заттар істер едің? Олардың тізімін жазып, олардың ішінен біреуін таңдап алып дереу турде орында.


2.Мақсаттыңды таңда


Қағаз бетінде ойлан. Өзіңнің мақсаттарыңның тізімін және оларға жетуіңнің жоспарын құрып, қағаз бетіне түсір. Тек осы бір ғана жаттығу арқылы сенің миллионер болуың ықтимал.

3.Тек өзіңе жұмыс істе

Сенің өз жетістіктерің мен қаржы мақсаттарыңа жетудегі кедергілер болып келетін, өзіңнің ең сүйікті сылтауларың мен себебтеріңнің тізімін жаз. Саған бұл жолда кедергі келтіретін, өзіңнің алдыға жылжи алмағандығыңның себепшісі деп айыптайтын адам не зат бар ма? Өміріңнің жауаптылығын толығымен өзің қабылдап үйрен және бүгіннен бастап мақсаттарыңа кадам бас!

4.Сүйікті затыңмен айналыс

Өзіңе қандай жұмыспен айналысқан қызықты және осы кезіңе дейін қай жұмыс өміріңдегі ең үлкен табыстарға жеткізді? Бұл жұмысты мақсат ретінде қабылдап, жоспар құрып, бүгіннен бастап кимылда.

5.Кәмелетке талпын

Өзіңнің жоғары жетістіктеріңе жетуің үшін, жұмысыңның ең маңызды жақтары мен қай элементтерін ең ұтымды түрде орындау керектігін анықта. Сенің ең мықты жағың қандай? Өзіңнің салаңда ең мықты маман болудың жоспарын құр.

6.Қажырлы еңбек ет

Жұмысыңа бөлетін сағаттарды қалай арттыруға болатыны жайлы жоспар құр. Жұмысыңа бір сағат ертерек кел, түскі ас кезінде де жұмысыңды жалғастыр және қалған маңызды істерді үлгеру үшін бір сағат кешірек қайтуға тырыс. Бұл стратегия жұмыстың өнімділігін екі не үш есе арттырады.

7.Үйренуден жалықпа

Өзіңнің салаңда мықты маман болуға үлкен үлес қосатын сабақ не пән таңдап ал. Оны толық меңгеру мақсатын алдыңа қойып, үйренуді баста. Күнде керекті деректерді оқы, аудиодисктерді тыңда, белгілі курстарға қатыс. Келешегің осыған тәуелді деп түсініп, талпынып жұмыс істе.

8.Ең бірінші өзіңе төле

Дереу түрде арнайы шот ашып, қандай кішкентай болса да депозитіңді еңгіз. Кейін, бұл шотыңды жиі толтырып тұруға мүмкіндік ізде. Қаржы нюанстарын түсіну үшін қаржы жайлы үйренуге тырыс. Көбірек кітаптар мен арнайы журналдар мақалаларын оқы. Материалдық тәуелсіздікке жеткеніңше дейін қаржыларыңды үнемдеуді тоқтатпа.

9.Өзіңніің салаңдағы барлық детальдарды зертте

Салаңдағы базалық тенденцияларды анықтап ал және оларды зерттеп, меңгеруге тырыс.

10.Басқаларға қызмет ет

Өзіңнің компанияң мен одан тыс жерлердегі ең маңызды кленттерді анықта. Сен қай адамдарға тәуелдісін және қай адамдар сенен тәуелді?

11.Шыншыл бол

Өмірдегі қиыншылықтар мен мәселелер түгелімен дерлік адамның құндылықтарыменен шешіледі. Ол қандай құндылықтар? Өзіңнің сенетінің не? Өмірдегі маңызды принциптарыңнан ауытқымауға шешім қабылда.

12.Басыңқы мәселелерге көңіл бөл

Қазіргі таңдағы мақсатыңа жетудегі ең маңызды мәселені анықтап, оны шешуге тырыс. Басқа заттарға көңілді аударып, алаңдамау үшін, 100 пайыз орындалмағанша дейін тек осы мәселемен айналасуы керектігі жайлы сезініп, өзіңді-өзің тәрбиеле.

13.Сенімді жұмысшы атағына жетуге тырыс

Бұрыннан істей алмай не істегің келмей жүрген жұмыстарды анықтап, оларға дәл қазір кірісу жайлы шешім қабылда. Келесі сиқырлы сөздерді қайтала: “Дәл қазір кіріс!.. Дәл қазір кіріс!...Дәл қазір кіріс!...”



14.Шыңнан шыңға талпын


Өзіңнің бизнесіңдегі маңызды тенденцияларды анықтап ал. Нарық қандай бағытта жылжып келеді? Қандай өзгерістер енгізіліп келеді және келешекте қандай өзгерістерге бейімделуің керек болады? Ертеңгі күнге дайын болу үшін бүгін қандай шарттар орындау керек?

15. Өзіңді-өзің тәрбиелеп дағдылан

Өзгеруің бірте-бірте өтсің. Өміріңнің қай тұсында өзіңді ұстай білу қасиеті жеткіліксіз екендігін анықтап, сол бағытта күш жұмсау керек. Бүгіннен бастап осы бағытта жұмыс істеп, жаңа іс-қимылдарың өзіңнің әдеттеріне айналмағанша дейін өзіңе еш жеңілдіктер берме. Бұл шешім өміріңді түгелімен өзгертеді.

16. Туа біткен дарынды аша біл

Бір қағазға өзіңнің қиыншылығыңды не ең армандайтын затыңды жаз. Одан кейін бұл мәселе шешілгендігін, армандаған затыңа жеткендігін елестет. Бұл шешім қандай болмақ? Оған қалай жетуге болады? Есіңде болсын, әркет ету-ең маңызды зат!

17. Табысты және жеңісті адамдар арасында бол

Қазіргі және ертеңгі өміріңдегі ең маңызды адамдарды анықтап алып, оларға саған әрдайым қол ұшын беруге дайын болатындай жұмыс атқар. Жеңісті адамдардың қайсысымен міндетті түрде танысу керектігі жайлы ойлан.


18. Денсаулығыңа көңіл бөл

Өзіңнің денсаулығыңа жақсы әсер ететін әдетті күнде орындап дағдылану қажет. Мүмкін, бұл шылым шегуден, алкоголді сусындардан бас тарту не күнде денешынықтырумен айналысу болу мүмкін. Бұл мәселені өзіңе сынақ ретінде қабылда.

19. Батыл қимылда

Өзіңе мындай сұрақ қой: «Қандай іс-қимылды дереу түрде істеген қойған мақсаттарыма ұтымды әсер етеді?» Бұл істі орында!

20. Сәтсіздікке мүмкіндік берме

Өміріңдегі ең басты қорқынышыңды анықта. Ол сәтсіздік, айыптау не сын болуы мүмкін. Бұдан былай бұл қорқыныштар жоқ деп қабылда. Белгілі бір әрекетті орындау арқылы, міндетті түрде сәттілікке жетемін деп елестет. Бұдан кейін осы әрекетті ойланбастан орында!

21. Әр заттардан сабақ ал

Қазіргі өмірің алдында тұрған ең қиын мәселе қандай? Бұны тек өзіңе сабақ үйретіп, келешегіңде бұдан да сәтті адам болу мақсатында ғана берілген мәселе деп қабылда. Басыңа түскен әр қиыншылықтардан жаңа сабақ үйрен. Бұл сенің миллионер болуыңа үлкен үлес қосады.

Дереккөзі: kk.wikipedia.org
нравится:    1388
Теги: Бизнес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии