|    |  
08 желтоқсан 2019
00:06
қаз
Бразилияда төбет жаңа туған сәбиді құтқарып алды
02 қараша 2015, 09:48 64
Бразилияда үй хайуаны – ит анасы туа сала қоқысқа лақтырып жіберген сәбиді құтқарып қалды.



Бұл туралы SDP Noticias порталына сілтеме жасап, Vesti.az хабарлады. БАҚ өкілдерінің ақпарына сай, төбет шақалақты қоқыстан абайлап шығарып алып, оны өзінің иесіне әкеп берген. Иттің иесі тез арада сәбиді ауруханаға жеткізіп үлгеріп, дәрігерлер оның өміріне араша түсті. Анықталғандай, сәбидің анасы жергілікті тұрғын болып шықты. Ол жасаған бұл қылмысы үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөзі: 24 kz


Жаңалықтар