12 Декабрь
06:53
Астана: -17 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Экономика
18 наурыз 15:02
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Brent мұнайы 45 долларға дейін қымбаттауы мүмкін
Мұнай бағасы соңғы екі күнде қайта қымбаттай бастады. Бұл ОПЕК-ке мүше және мүше емес ірі мұнай өндіруші елдердің сәуір айында кездесу өткізуге келісім беруіне байланысты болып отыр, деп хабарлайды Kapital.kz.



«Мұнай нарығындағы жағдай жақсарып келеді. ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдер сәуір айында кездесуге келісім жасады. АҚШ-тың мұнай қоры азайып келеді және мұнай өндіретін құрылғылар саны қысқарды. Энергетикалық ақпарат агенттігі АҚШ-тағы мұнай көлемі тәулігіне 400 мың баррелден 800 мың баррелге дейін қысқарады деп болжады. Осыған сәйкес, баға белгіленімі 40 доллардан асты. Енді біртіндеп баға жақын уақытта барреліне 45 долларға дейін көтерілуі мүмкін», — дейді сарапшы Валерий Полховский.

Еуропалық Brent маркасына арналған фьючерстік келісім Лондонның ІСЕ биржасында 17 наурыз күні 2,8%-ға қымбаттап,  барреліне 41,40 долларды құрады. Ал WTI маркасы 2,7%-ға көтеріліп, 41,13 долларға жуықтады.

Айта кетейік, жақында ОПЕК-тің ресми өкілдері сәуір айының ортасында Катарда картельге мүше елдер мен басқа да шикізат өндіруші елдердің кездесуі болатынын мәлімдеді. Кездесу барысында мұнай деңгейін 2016 жылдың қаңтар айындағы көлем бойынша қалыпты сақтау мәселесі талқыланады. Келісім Иран бас тарқан күннің өзінде жүзеге асырылуы мүмкін.
нравится:    722
Теги: Мұнай,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии