Әлем жаңалықтары
2 наурыз 11:55
Британдық жігіт өз құрбысының төлқұжатымен еш кедергісіз Германияға ұшып келді


Бойы 1 м 90 см сақалды жігіт Лондон әуежайында шекаралық тексеруден өтіп, бойжеткеннің төлқұжатымен халықаралық рейс ұшағына отырып кеткен, деп жазады The Sunбритандық басылым.
Джош Рид Станстед әуежайынан тексерістен кедергісіз өтіп, немістің Дортмунд қаласына ың-шыңсыз жеткен. Сол жерге жеткенде ғана ол төлқұжатын үйде ұмытып, орнына құрбысы Софи Уоткинстің құжатын алып кеткенін білді. Құжат тексергендердің бірде-бірі мұны зер салып тексермеген.
Ридтің айтуына қарағанда, құрбысы екеуі бір біріне ұқсамайды, әрі оның аяғы ауыр (7 ай), бойы 1,57 метр ғана. Екеуінің тегі де екі түрлі.
«Бұл оқиға егер екі адамның түрі бір-біріне ұқсаса, жасанды төлқұжатпен басқа елге өтіп кету жеңіл болады деген ой туады», - дейді ол.
Германиядан еліне қайтқан Рид жолда жүргізуші куәлігін көрсетуге мәжбүр болды, ал Софидің төлқұжатын курьер арқылы кері қайтарды.
Әуежайда мұндай оқиға қайталанбас үшін шара қолданатынын мәлімдеді. Алайда жолаушылар тұлғасын растайтын құжатқа тікелей өзі жауапты екендігін де атап өтті.




 

Комментарии




Яндекс.Метрика