|    |  
21 қараша 2018
21:03
қаз
Британия араб шейхтары мен Ресей олигархтарының мүліктерін тәркілемек
17 қазан, 10:31 818



Британия Парламенті өткен аптада криминалдық меншікті тәркілеуге бағытталған қатаң шараларды көздейтін заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Business FM.

Заң жобасы негізінен "күмәнді жолмен баю" секілді жемқорлыққа қарсы ұғымдарды қамти отырып, шет елдік олгархтардың Лондондағы жылжымайтын мүліктерін тәркілеуге бағытталған.

Әлемде бай және өте бай адамдардың өз капиталдарын салатын бірнеше орталықтар бар. Олардың қатарында Лондоннан басқа Монако, Лихтенштейн секілді орталықтар кеңінен танымал болып табылады. 

Сарапшылардың мәлімдеуінше, Лондонда азаматтық қоғам жоғары деңгейде дамығандықтан және атақты Панама дауынан кейін саясаткерлер осындай шешім қабылдаған болуы мүмкін.

Басылымның хабарлауынша, Британия билігі мұндай қадамға баруына Африка, Шығыс Еуропа елдері, Орта Азия, Ресей және Қытай байларының салған капиталдарына қатысты күмәннің артуы себепші болып отыр. Жалпы, бұл тарихта қайталанатын құбылыс. Көпшіліктің, әсіресе өзге мемлекеттердің күдігін туғызбау үшін жергілікті билік осылайша “бір тексеріс” жасап қоюды әдетке айналдырған. Яғни, жылжымайтын мүлік иелері қаражатты қайдан алғаны туралы есеп беріп, бұрынғыша өмір сүре бермек.

Қазіргі таңда кадастрлық бағалау құны 170 млрд фунт стерлингтен астам британдық жылжымайтын мүлік офшорлық компанияларға тіркелгенін көрсетті. Олардың нақты шынайы иелері жасырын күйде қалып отыр.

Мамандар сыбайлас жемқорлыққа және ақшаны жымқыруға қарсы күрес шеңберінде Лондонда  жүздеген үйлер мен пәтерлерге мүліктік тыйым салынуы мүмкін.

Сонымен қатар, жаңа заң жобасы күмәнді банк есеп шоттарын, бағалы заттар мен өнер туындыларын тұтқындауға мүмкіндік береді.



Айдар Жанай
 
Жаңалықтар