Экономика
22 шілде 14:57
Британия бюджетін 20 млрд фунтқа қысқартады
Корольдіктің қаржы министрі Джордж Осборн мемлекеттік бюджет шығынын 20 млрд фунтқа қысқарту қажеттігін айтты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.



Осборн барлық ведомстволардың бюджетті 25–40 пайызға қайта қарастыруын талап еткен. Қысқартулар тек денсаулық сақтау, білім беру, қорғаныс салаларына қатысты болмайды.  Осы ретте қаржы министрі парламентте былай мәлімдеген: «Шығындарды азайту арқылы бюджет тапшылығын қысқартуды көздейміз. Себебі Британия көрпесіне қарай көсілгені жөн». Сондай-ақ ол қаржыны жұмсау тиімділігін арттыруды міндеттеді, деп жазады informing.ru.

Дереккөзі: 24.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика