17 Декабрь
08:28
Астана: -23 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
16 қазан 10:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Британияда ит 200 мың еуроның лотерея билетін тауып алды

 Британиялық жұп Джейн мен Алан Слейтер лотереядан 150 мың еуро ақшаны ұтып алу бақытына бөленді.

Отбасы жүлдесін алып, оны қайда жұмсайтыны туралы жоспарларын құрып жүрген.

Келесі күні серуенге шыққан миссис Слейтер лабрадор иті Рубиді өзімен бірге алған. Үйге оралғанда, иті көліктің артқы жағына қайта-қайта секіріп, қожайынының назарын лотерея журналында қалып қойған бір қағазға аудартқысы келген. Міне қызық, әлгі қағазды көрген Джейннің қуанышында шек болмады.

Джейн Слейтер бұған сене алмастан дереу жұбайының жұмысына телефон соқты. Ол бірінші ұтыс билетінің үйде жатқанын анықтағысы келген, деп хабарлайды Daily Mirror.

Ақыры отбасылық жұп бір лотереяда екі рет ұтқандарын түсінді. Енді олар ұтысының бір бөлігін итіне алғыс білдіру үшін жұмсауды көздеп отыр.

​Baq.kz
нравится:    707
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии