Әлем жаңалықтары
3 маусым 13:08
Британияда «киндер-сюрприздің» ішінен есірткі шықты


Солтүстік Ирландияда тұратын бес жасар бала «киндер-сюрприз» жемек болып, ішін ашады. Бірақ, бұл тәттінің ішіндегі пластиктің арасынан әдеттегідей ойыншық емес, ақ ұнтақ шықты.

Тосыннан тап келген мұндай сыйды балақай әкесіне, ал әкесі болса, полицияға тапсырыпты, деп хабарлайды The Telegraph. Қазір полицейлер осы жәйтке байланысты тергеу амалдарын бастады. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, «киндер-сюрпризден» метамфетамин есірткісі шыққан.  


Дереккөзі: 24.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика