19 Август
18:51
Астана: 21 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
14 қыркүйек 14:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Британияда жеткіншек жазғы демалысқа жігіт болып кетіп, мектепке қыз болып оралды (фото)

Британияның Мидлсбро қаласында оқушы бозбала жазғы демалыстан соң мектепке Ким Кардашьянның образында келген.

15 жастағы Тайлер ота жасатып, жыныс мүшесін ауыстыруға бекінген. Осыдан соң өзін Кайра Келли деп атай бастапты. Оқушы мектепке келгенде оны жаңа образымен ешкім танымай қалған.

«Мен Ким Кардашьян секілді киінем, косметика қолданам. Осылайша мен өзімді жақсы сезінем», – дейді трансгендер.

Өзіне енді әйел затындай қарауды өтінген бозбала өзгелерден түсіністік танытуды сұрайды. Бастапқыда оның ата-анасы ұлдарының өзгеше құштарлығын жасыруға тырысқан. Алайда, ұлының ашық әрекетінен соң көршілері мен таныстары оған түсіністік танытқанға ұқсайды.
нравится:    1002
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии