19 Октябрь
22:29
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
20 шілде 09:58
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Британиялық әйел иттерін 2000 фунтқа той жасап үйлендірді

Ұлыбританияда тұратын бір әйел өзінің екі итін үйлендіріп, сол шараға 2000 фунт стерлинг ақша жаратты. Бұл туралы Mirror ақпарына сүйенген ras.kzхабарлады.

Әйелдің ши-цу тұқымдас иттерін жақсы көретіні соншалық, ол бұларды үйлендіруді орасан зор шоуға айналдырып жіберіпті. Мұны ол тойдың барлық салт-дәстүрлеріне сай жасап шыққан. Атап айтқанда, қалыңдыққа ақ көйлек, күйеу жігітке қара смокинг кигізген. Тіпті тойдың арнайы торты мен әшекейлері де болыпты. Былайша, бәрін адамдардың тойларындай етіп ұйымдастырған.

Жомарт әйел өзінің тәрбиесіндегі иттерінің бұл тойына 2000 фунт ақша шығарыпты. Ал «бақытты жұптың» аттары Элвис және Белла болып келеді. Олардың Белвис деген күшіктері де бар көрінеді.
нравится:    474
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии