20 Октябрь
09:31
Астана: 7 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
29 маусым 10:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Брюссельде шіркеуде ауызашар берілді

Бельгия астанасы Брюссельдің Моленбек ауданындағы қасиетті Иоан шіркеуінде осымен екінші жыл қатарынан мұсылман қауымына ауызашар беріліп отыр, деп хабарлайды muslim.kz.
Христиан өкілдерінің шақыртуын 600 адам қабыл алған. Өткен жылғы ауызашар кеші қалалық алаңда ұйымдастырылып, оған 300-ге жуық қонақ келген болатын.
Биылғы ауызашар кешін де алаңда өткізу жоспарланған еді. Алайда, ауа райының қолайсыздығынан шара шіркеу ғимаратының ішінде өткізілді.
«Діндер арасында араздық отын тұтату оңай заманда бұл шара - бауырмалдықты арттырудың таптырмас мүмкіндігі», -  дейді бастамаға қолдау білдірушілер. Айта кетсек, Моленбек - Брюссельдің білім саласындағы он екі муниципалитетінің бірі, сондай-ақ бельгиялық мұсылмандардың көп шоғырланған мекені.

​ҚазАқпарат
 
нравится:    641
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии