Спорт
15 мамыр 09:56
Бүгін Әлия Жүсіпованың туған күні
Cпортшы бүгін 33 жасқа толды.


 
Әлия Мақсұтқызы  - гимнасшы, көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Азияның абсолютті чемпионы, әлем біріншіліктерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы.


 
1984 жылы Шымкент қаласында туған. 2000-2005 жылдары халықаралық жарыстардың жеңімпазы, әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше мәрте жүлдегері, командалық және жекелеген есепте Пусанда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері, Дохада алауы тұтанған Азия ойындарының жеңімпазы атанып, Азия чемпионатының 5 бірдей алтын медалін жеңіп алған.


 
Ә.Жүсіпова көпсайыс түрінен әлемдегі ең үздік ондықтар қатарына енген алғашқы қазақ қызы. 2004-2008 жылдары Афина және Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Қазір бапкерлік қызметте. Екі баланың анасы.



"Құрмет" орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.



Комментарии




Яндекс.Метрика