12 Декабрь
14:12
Астана: -16 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Спорт
30 қараша 09:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бүгін атақты спортшы Ольга Рыпакованың туған күні
Ольга Сергеевна РЫПАКОВА – жеңіл атлет, Қазақстан Республикасы Олимпиада құрамасының мүшесі, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында алтын, 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында қола медаль алған спортшы.



Өскемен қаласының тумасы. Қазақ спорт және туризм академиясының Олимпиадалық спорт түрлері факультетін тәмамдаған, жеңіл атлетикадан оқытушы-бапкер (2006).

  
 
XVI Азия ойындарының алтын, күміс жүлдегері (2010). Көпсайыстан, қатарынан үш мәрте секіруден бірнеше рет Қазақстан жеңімпазы атанған. Юниорлар арасында өткен әлем  чемпионатында (Венгрия, 2001) 4-орынды еншілеген. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Ямайка, 2002);  Бессайыстан жабық ғимаратта өткен I Азия ойындарының алтын жүлдегері (2005); жеңіл атлетика бессайысында Азия чемпионы; Азия мен Қазақстан рекордшысы (Тайланд, 2006); жеті сайыстан XV Азия ойындарының чемпионы; ұзындыққа секіруден қола жүлдегер (2006); Азия ойындарының алтын жүлдегері (Доха, 2007); ұзындыққа секіруден және қатарынан үш мәрте секіруден Азия чемпионы (2007, 2008, 2009); Дүниежүзілік универсиада чемпионы (2007); Дүниежүзілік универсиаданың алтын жүлдегері (Тайланд, 2007); қатарынан үш мәрте секіруден әлем чемпионы (Доха, 2010). XXIX Олимпиада ойындарында 4-орын алып, Қазақстан мен Азия рекордын орнатты (Бейжің). Жабық ғимаратта өткен III Азия ойындарының чемпионы (2009); қатарынан үш мәрте секіруден жабық ғимаратта өткен әлем чемпионы (Катар, 2010); халықаралық «Гауһар лига» TAAF (Golden Gold) сайыстарының жеңімпазы әрі жүлдегері.
 


 
Лондон-2012 Олимпиадасында алтын әперген секірісі
 
2012 жылғы жеңісінен кейін Ольга екі жылға спорттан қол үзіп, дүниеге ұлын әкеледі. 2014 үлкен спортқа қайта оралды. Биыл 32 жасында Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.
 
 
 
Риодағы жеңісі үшін Ольга Рыпаковаға мерзімінен бұрын ҚР ҚМ ӘОСК «майор» шені берілді.
 
 
 
Ольга Рыпакова – Олимпиада марапаттарының санынан рекорд орнатқан спортшы.
 
Биыл Ольгаға 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының қола жүлдесін беретіні белгілі болды. Бұл туралы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы хабарлаған. Бейжіңде өткен Олимпиадада спортшы төртінші орынға табан тіреген-ді. Алайда биыл допинг сынамаларын қайта тексеру барысында үшінші орынды алған грециялық спортшының Олимпиададағы көрсеткіштерінің күші жойылған.
 
 
 
Осылайша Ольга Рыпакова қазақстандық жеңіл атлеттер арасында халықаралық сайыстарда олжалаған медальдарының саны бойынша рекордшы атанып тұр.
 
Ольга үлкен спортпен әзір қоштаспайды. Ол 2017 жылы Лондонда өтетін әлем чемпионатына, 2018 жылы Джакартада (Индонезия) өтетін Азия ойындарына, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысуды жоспарлап отыр.
 
 
 
Reactor сайтының ұжымы  Ольга Рыпакованы туған күнімен құттықтай отырып, спортта тек тұғырдан көрінуді тілейді.


Дереккөз: Reator
нравится:    44
Теги: Біздің мақтанышымыз, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии