15 Август
11:39
Астана: 23 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 363.28
EUR/KZT: 414.25
RUB/KZT: 5.44
CNY/KZT: 52.79
Спорт
14 наурыз 09:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бүгін Бақтияр Артаевтың туған күні
Қазақтың мақтанышы болған Олимпиада чемпионы бүгін 35 жасқа толды.



Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев  – боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері.

1983 жылдың 14-наурызында Тараз қаласында туған. Бокспен 11 жасынан бастап шұғылданады. Бірінші әрі жеке бапкері - Нұрлан Ақүрпеков.

2004 жылғы Грекияның Афина қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ бойынша чемпион атанды. Ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы.



Жолдама алуы

Бақтияр көп уақыт ұлттық құрамада екінші рөлдегі боксшы ретінде саналып келді. Афина қаласында өткелі жатқан Олимпиада ойындарына да лицензияны  ең соңғылардың бірі болып жеңіп алған болатын. 2002 жылы өткен әскерилер арасындағы әлем чемпионатында топ жарған Азамат Мақажанов осы салмақта басты үміткер саналған еді. Алайда Азамат 2004 жылдың 24-сәуірінде Алматы қаласында Азиялық олимпиадалық іріктеу турниріне жолдама үшін өткізілген спарингте Бақтияр Артаевтан жеңіліп қалады. 2004 жылы 5-12 мамыр аралығында Пакістанның астанасы Карачи қаласында өткен Азиялық олимпиадалық іріктеу турнирінде Бақтияр өзінің жақсы формада екенін көрсетіп, турнирдің жеңімпазы атанады. Финалда Бақтияр ирандық Ахмедабад Каримиді кездеседі. Боксшымыздың айқын басымдығын көрген төрешілер ойынды 3-ші раунд-ақ тоқтатып, жеңісті Бақтиярға береді.
 
Олимпиада ойындары

Олимпиада ойындары Бақтияр үшін сәтті басталды десе болады. 1/16 финалда камерундық Вили Бертрана Танке шаршы алаңға шықпай қойды. 1/8 финалда түркменстандық Алиаскер Башировты 33:23 есебімен, ширек финалда украиндық Виктор Поляков айқын басымдықпен жеңді (33:13). Халықралық жарыстарда әлі көзге түсіп үлгермеген, айтарлықтай үлкен жеңістері жоқ Бақтияр Артаев жартылай финалда танымал ресейлік боксшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы және Баркер кубогының иегері Олег Саитовқа қарсы шықты. Небәрі 21 жастағы Бақтияр Олимпиада ойындарының фовориті, тәжірибелі Саитовты 20:18 есебімен жеңіп, финалға шықты. Олимпиадада әлі алтын алмаған Қазақстанның ендігі үміті - бокстан финалға шыққан Бақтияр Артаев еді. Бақтиярды финалда атағы мен тәжірибесі Олег Саитовтан кем түспейтін, екі дүркін әлем чемпионы кубалық Лоренцо Арагон күтіп тұрды. Лоренцо Арагон финалда Бақтиярдан 36:26 есебімен жеңіліп қалды.



Еңбек жолы және білімі

Құқықтану, менеджмент, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандықтары бойынша М.Қ.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның менеджері болып бастаған.

ҚР ІІМ ішкі әскері спорт командасының аға нұсқаушысы, маман, бөлім бастығының орынбасары

«Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның инженері

Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Айша Бибі ауылдық округінің әкімі болып қызмет істеді.

2009 жылдан бастап Жамбыл облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды.

2011 жылдың қаңтарында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл обылысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметіне ауысты.



Бақтияр Артаев құрметіне 2007 жылдың 21-наурызында Тараз қаласында бокс сарайы ашылды.Қазіргі уақытта Бақтияр өз атындағы осы бокс сарайының директоры.

Отбасы

Әкесі - Артаев Ғарифолла Бекбасарұлы (1956 - 20.08.2012)

Анасы - Жексембиева Тұмарткүл Өміртайқызы (1960 - 20.08.2012)

Ағасы - Бақыт (1979 ж.т.)

Інісі - Артаев Наурыз (1989 ж.т.)

Жұбайы - Тұнғатова Салтанат Тоғайқызы (1986 ж.т.)

Ұлы - Артаев Әлинұр Бақтиярұлы (2009 ж.т.)

2012 жылдың 20-тамызында Бақтияр Артаевтың әкесі Ғарифолла Бекбасарұлы мен анасы Тұмарткүл Өміртайқызы "Алматы-Ташкент" тас жолының 544 шақырымында жол көлік апатынан қаза тапты. Бақтиярдың әке-шешесінен бөлек көлікте Бақтиярдың туған ағасының екі қызы болған. Nissan X-Trail көлігінің тізгініне ие болмай қалған Ғарифолла Бекбасарұлы Шымент қаласынан Тараз қаласы бағытында келе жатқан. Қайғылы оқиға Күйік асуында орын алған.

Дереккөз: kk.wikipedia.org
нравится:    100
Теги: Біздің мақтанышымыз, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии