20 Октябрь
01:46
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
7 қазан 09:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Бүгін белгілі актер Досхан Жолжақсынов 65 жасқа толды

 
Досхан Қалиұлы Жолжақсынов 1951 жылдың 7-қазанында Шығыс қазақстан облысы, Күршім ауданы, Балықшы ауылында туған. Актер, Қазақстанның халық әртісі (1995), 1987 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі (1996).
 
1973 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтын (қазіргі Қазақ ұлттық консерватория) тәмамдаған. 1971 жылдан Қазақ жастар мен балалар театрының актері. 1995-2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болды. Жолжақсынов театр мен кинода 200-ден астам рөлді сомдады. Театрда ойнаған алғашқы рөлі – Х.Вахитовтың “Алтын көрсе періште жолдан таяды” спектакліндегі Қылышбек (1972).
 

                                                   1993 жыл. Баласымен бірге

Бұдан кейін сомдаған рөлдерінің қатарында Сыматбек (Ж.Тәшенов пен И.М. Саввиннің “Қаладан келген қылжақбасында”), Сырым (Р.Сейсенбаев пен Е.Обаевтың “Өзімді іздеп жүрмінінде”), Қазақбай (Ә.Тарази мен Қ.Ысқақовтың “Апа, апатайында”), Сәмет, Ақан (Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” мен “Ақан сері – Ақтоқтысында”), Глумов (А.Н. Островскийдің “Адам аласы ішіндесінде”), Әзберген (Ә.Таразидің “Қндетінде”, Қазақстанның Мемлекет сыйлығын, 1996; Түркі тілдес халықтар театрлары байқауының бас жүлдесі, Қазан, 1998), т.б. бар.
 
Жолжақсыновтың актерлік өнеріне сезім тереңдігі, сахналық әрекет шынайылығы тән. Актер халық әндері мен қазіргі композиторлар әндерін шебер орындаушы ретінде де танымал. Жолжақсынов – ұлттық кино өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан актерлердің бірі. Әскербек (“Гауһартаста”, 1976), Хамит (“Даладағы қуғында”, 1979), Мұрат (“Алтын күзде”, 1979), Мұндызбай (“Ақ барыстың ұрпағында”, 1984, соңғы екеуі “Қырғызфильмде”), Дәуір (“Омпада”, 1997), т.б. рөлдері арқылы Жолжақсынов дарынды киноактер ретінде кеңінен танымал болды.


                                              Жұбайы Қарагөз Сүлейменовамен
 
Кейінгі жылдары ұлттық кино саласына тер төгіп, «Біржан сал», «Құнанбай» сынды фильмдер түсірді. Бұл фильмдер қалың көрермен тарапынан жылы қабылданды. 

Уикипедия материалының негізінде әзірленді.
Суреттер Қарагөз Сүлейменованың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды. 
нравится:    881
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии