26 Сентябрь
16:52
Астана: 7 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 341.27
EUR/KZT: 405.60
RUB/KZT: 5.96
CNY/KZT: 51.55
Спорт
8 сәуір 16:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бүгін даңқты боксшы Г.Головкиннің дүниеге келген күні



Бүгін бокстан WBA/IBF/WBC нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы, қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин дүниеге келген күн.
Г.Головкин Қарағандыда туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2003). 2003 жылдан бері - «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы-спортшы болған. Universum Box Promotion мүшесі (Неміс кәсіби клубы, 2006). ҚР біріншілігінің жеңімпазы (2000-2002); ҚР I спартакиадасының чемпионы; жастар арасындағы әлем чемпионы (2000); Шығыс Азия ойындарының чемпионы (2001); Азия ойындарының чемпионы (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002); жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002); әлем чемпионы (2003); «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. 75 кг дейінгі салмақта әлем чемпионы (Бангкок, Тайланд, 2003); Олимпиада ойындарының 75 кг дейінгі салмақтағы күміс жүлдегері (Афина, Грекия, 2004); «А» класы турнирлерінің көп мәрте жеңімпазы. Кәсіби бокста WBO нұсқасы бойынша «Интерконтиненталь» чемпиондық титулының иегері (2010). Геннадий Головкин - орта салмақта (73 кг) WBA, IBO және WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы. Кәсіпқой бокста 32 рет жекпе-жекке шығып, барлығында жеңіске жеткен (29-ын нокаутпен жеңді).
ҚР спорт шебері (2000). Халықаралық кластағы спорт шебері (2002). Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2003). «Құрмет» орденімен марапатталған.

 

Естеріңізге сала кетейік, GGG таңбасымен төрткүл дүниені таңғалдырған былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің егіз сыңары барын біреу білсе, біреу білмейді. Афины Олимпиадасында (2004 жыл) жеңіс тұғырынан көрінген (күміс жүлде) жерлесім­іздің Максим есімді егізі бар. Ағайынды Головкиндер 10 жасында Қарағандыдағы №1 кәсіби техникалық мектебіне жазылып, бапкер Виктор Дмитриевтен бокстың әліппесін үйрене бастаған. Генаның әкесі Геннадий Иванович жастайынан бокспен шұғылданатын. «Әке көрген» төрт ұл да әке жолын қуып, былғары қолғапқа әуес болады. Солардың арасынан Геннадийдің жұлдызы жанды. Жасындай жарқы­раған Гена 2000 жылы Будапешт­тегі жастар арасындағы әлем бірін­шілігінде топ жарды. 2002 жылы Пусанда өткен Азия ойындарының чемпионы­ атанды. Араға жыл салып Бангкоктағы Әлем чемпионатында бас жүлдені жеңіп алды. Геннадий – 7 дүркін Қазақстан чемпионы. GGG 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Содан бері ол 29 кездесу­ өткізіп, жеңіс парақшасына 26 нокаут тіркеді. Бүгінде Гена WBA және IBA версиясы бойынша әлем чемпионы атағын­а қол жеткізді. Бауырындай бағындыр­ған белесі көп болмаса да, Максим  де спорттан қол үзбеді. Мүм­кіндігіше Геннадийдің жаттығуына көмектесіп, сыңарының жеңісті жолында жемісті еңбек етіп жүр.






Сондықтан, ағайынды Головкиндерді бүгінгі туған күндерімен құттықтай отырып, олардың жеңіс­­­теріне алдағы уақыт­та да қуа­на қол соғудан үміт­тіміз.


 
нравится:    1004
Теги: Біздің мақтанышымыз, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии