20 Апрель
05:26
Астана: -3 °C
Алматы: 4 °C
USD/KZT: 325.79
EUR/KZT: 402.94
RUB/KZT: 5.33
CNY/KZT: 51.90
Спорт
8 сәуір 12:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні


Бүгін бокстан WBA/IBF/WBC нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы, қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкиннің туған күні. 

Танымал қазақстандық спортшы осыдан 36 жыл бұрын Қарағанды қаласында дүниеге келген. 

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2003). «Universum Box Promotion» клубының мүшесі (2006). ҚР біріншілігінің жеңімпазы (2000-2002); ҚР I спартакиадасының чемпионы; жастар арасындағы әлем чемпионы (2000); Шығыс Азия ойындарының чемпионы (2001); Азия ойындарының чемпионы (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002); жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002); Әлем чемпионы (2003); «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. 75 кг дейінгі салмақта әлем чемпионы (Бангкок, Тайланд, 2003); Олимпиада ойындарының 75 кг дейінгі салмақтағы күміс жүлдегері (Афина, Грекия, 2004); Кәсіби бокста WBO нұсқасы бойынша «Интерконтиненталь» чемпиондық титулының иегері (2010). Орта салмақта (73 кг) WBA, IBO және WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы. Кәсіпқой бокста 37 рет жекпе-жекке шығып, барлығында жеңіске жетіп (33-ын нокаутпен жеңді), 1 рет тең түскен. 

ҚР спорт шебері (2000). Халықаралық кластағы спорт шебері (2002). Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2003). «Құрмет» орденімен марапатталған.

нравится:    41
Теги: Біздің мақтанышымыз, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии