13 Декабрь
12:58
Астана: -24 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Туризм
12 тамыз 15:36
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Бүгін – Халықаралық Каспий күні
2006 жылғы тамыздың 12-сінде Каспий теңізінің қоршаған ортасын қорғау жөніндегі негізгі құжат - Тегеран конвенциясына қол қойылған болатын. Содан бастап Тегеран конвенциясының тараптары осы күнді «Каспий күні» деп жариялады.


 
Каспий экологиялық бағдарламасын (КЭБ) 1998 жылы Каспий маңайындағы 5 ел - Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан құрған болатын.
Бағдарламаның мақсаты - Каспий теңізінің экологиялық тұрақты дамуына және қоршаған ортасын басқаруға қол жеткізу.
  
Каспий теңізі – ішкі континентте орналасқан әлемдегі ең үлкен су қоймасы , ол ешқандай әлемдік мұхиттармен жалғаспаған. Көлемі 398000 км. Ол Еуразияның ішкі жағында орналасқан, табиғаттың керемет жаратылысы болып табылады.Каспий теңізі өте сезімтал экожүйе болып табылады. 

 
Каспий теңізі реликті/қалдық /көл.Қалдық көлдер ежелгі Тетис теңізінің геологиялық тарихымен тығыз байланыты екенін түсіндіреді.Неоген дәуірінде күрделі тектоникалық қозғалыстың нәтижесінде,Тетис алдымен Тынық мұхиттан бөлініп,кейіннен Атланттан ажырағанын баяндайды.Неоген дәуірінің аяқ кезінде жер қыртысының шұғыл көтерілуінен Каспий теңізі Қара теңізден бөлініп қалғанын,осы кезенді каспий теңізінің қалыптасу кезеңі деп санауға болады. Аты ХҮІ ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан.Грузияда каспи қаласы қазір де бар.Сонымен бірге Гиркан (І ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. 60-тан астам тарихи атауы бар.Олар соңғы 3 мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.


 
Каспий теңізінің жалпы ауданы 390 мың км. Оның беті мұхит деңгейінен 27 метр төмен жатыр. Теңіз Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 1200км – ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері 435км, ал енсіз жері 193км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы 7000км. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауың шашып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне 29%6, Ресейге 16%, Әзірбайжанға 20%, Түркменстан 21%, Иран – Ислам Республикасына 14% тиеді.

Каспий теңізі қазаншұңқырларының бедеріне қарай 3 – ке бөлінеді.
Солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегінің бойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегіне дейін созылған, қалған жері, Оңтүстік бөліктің үлесіне келеді. Солтүстік бөлігі таяз, көп жерінде 5метрден аспайды, ең терең жері, 26 метр, жалпы теңіз ауданының 24% алады. Орталық Каспий орташа тереңдігі 200 метр, ең терең жері 788 метр, жалпы теңіз ауданының 36 пайызын қамтиды. Оңтүстік бөлігінен орташа тереңдігі 345метр, ең терең жері 1025 метр, теңіз ауданының 40% алып жатыр.
 
нравится:    3004
Теги: Менің Қазақстаным,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии