14 Декабрь
04:37
Астана: -26 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Спорт
9 қазан 14:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бүгін III халықаралық «Еуразия барысы» турнирі басталады
Таразда III халықаралық «Еуразия барысы» турнирі басталады. Балуандар додасы Қазақ хандығының 550 жылдық тойына орай ұйымдастырылып отыр. Жарыс Әулиеата төріндегі «Тараз-Арена» кешенінде шымылдық түреді.



Дәстүрлі бәсекеге 8 елдің мықты деген спортшылары келген. Қазақ хандығының 550 жылдық ұлық мерекесінің бүгінгі күні «Еуразия барысы» турнирімен басталды. Жарысқа қатысуға Қазақстан батырларынан бөлек Грузия, Моңғолия, Польша, Қырғызстан, Ресей, Түркия және Өзбекстан құрама командаларының балуандары келді. Олар 7 салмақ дәрежесі бойынша белдесіп жатыр. Жалпы саны – 56 спортшы.

Айта кету керек, биылғы додаға өзгеріс енгізілген. Бұған дейін балуандар 60, 70, 80, 90 және 90 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша күрессе, биыл 55 келіден басталып, 100 келіден жоғары салмақтағылар бақ сынайды. Жарыс командалық жүйе бойынша өтіп жатыр.

Жарыстың бас төрешісі болып қазақстандық Нұрлыбек Ермағамбетов тағайындалды. Турнирдің жүлде қоры 19 миллионға жуық теңгені құрайды.

Жалпы Еуропа мен Азия елдерінен «Еуразия барысы» жобасына қатысуға ынта білдірушілердің қатары жыл санап артып келеді. Бұл әлемге танымал болып келе жатқан қазақ күресінің мәртебесін көрсетеді.



 

Дереккөзі: 24 kz







sport.zakon.kz

 
нравится:    692
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии