20 Январь
03:01
Астана: -26 °C
Алматы: -10 °C
USD/KZT: 324.27
EUR/KZT: 398.27
RUB/KZT: 5.73
CNY/KZT: 50.68
Спорт
24 мамыр 09:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бүгін Илья Ильиннің туған күні
Атақты зілтемірші Илья Ильин бүгін 29 жасқа толды.

 
 
Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.


 
Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Отбасындағы үш ұлдың кенжесі. Спорт залға алғаш рет алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп келеді. Ағасы Андрей бокстан Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет жеңімпаз атанған спортшын. Отбасылы, бір қызы бар.


 
Балалық қызығушылықпен ауыр темірлерді көтеруді үйренеді. Бірақ арнайы секцияда жаттығуды сегіз жасынан бастаған. Алғашқы бапкері Вилорий Пак.
 
Әлем чемпионаты (2005)
 
2005 жылы Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты Катар елінің астанасы Доха қаласында өтті. Илья Ильин 17 жасында алғашқы рет ересектер арасындағы әлем жарысына қатысты және бұл көрсеткіш бойынша Гиннестар рекорд кітабына ең жас әлем чемпионы ретінде енді.


 
Пекин Олимпиадасы (2008)
 
Пекин олимпиадасы Илья Ильиннің алғашқы олимпиадасы.  Илья бұл жарсықа екі дүркін әлем чемпионы ретінде қатысты. Серпе көтеруде 226 кг бағындырып аталған сайыс түрінде әлемдік рекорд орнатты.


 
Лондон Олимпиадасы (2012)
 
Жарысқа 21 атлет қатысты. Илья Ильиннің негізгі қарсыласы ресейлік Александр Иванов болатын. Серпе көтеру сайысында Илья 233 кг көтеріп жаңа әлем рекордын орнатты. Екі сайыс қорытындысы бойынша 418 кг көтеріп Илья әлем рекордын екінші рет жаңартты. Бұған дейінгі әлем рекордын Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Каха Кахиашвили 1999 жылы орнатқан еді.


 
Осылайша Илья Ильиннің аты ауыр атлетика тарихына Қазақстанның тұңғыш екі дүркін олимпиада чемпионы ретінде жазылды.


 
Reactor спортшыны бүгінгі туған күнімен құттықтайды! Алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз биік болсын!
 
Дереккөз: kk.wikipedia.org
нравится:    511
Теги: Біздің мақтанышымыз, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии