20 Октябрь
14:55
Астана: 8 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Спорт
13 қыркүйек 10:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Бүгін Қанат Ислам 32 жасқа толды


Белгілі боксшы Қанат Ислам Қытай Халық Республикасының Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында 1984 жылдың 13-қыркүйегінде дүниеге келген. Әуелде Қытай құрамасында өнер көрсеткен. 2008 жылы өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт  шебері. Үлкен ағасы Талғат Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының бокс құрамасына кірген. Ағасының жолымен Қанат та 1997 жылы боксқа аяқ басады. Төрт жылдан кейін автономиялық ауданның құрамасына кіреді.

2000 жылы 69 келіге дейінгі салмақта Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының чемпионы атанса, 2003 жылы ҚХР кубогында екінші орын алады. 2004 жылы Афина Олиппиадасына қатысып, әзербайжандық Руслан Хаировқа есе жібереді.
2005 жылдың қазанында ҚХР халықтарының 10-шы Спартакиадасының чемпионы атанып, Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының құрамасына алғашқы алтын медальды алып береді. 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарында жерлесіміз Бақыт Сәрсекбаевтан жеңіліп, қола жүлдені еншілейді.2007 жылғы әлем чемпионаты мен 2008 жылғы Олимпиада ойындарында қола медальды қанжығалайды.

2010 жылы Қазақстанға қоныс аударып, 2011 жылы азаматтық алған.
2012 жылдың қыркүйегінде кәсіби боксқа ауысып, осы жылдың желтоқсанында орта салмақ бойынша WBA Fedecaribe атағын жеңіп алады. 2015 жылдың 8-қарашасында 31 жастағы америкалық боксшы Джонатан Батисті бірінші раундта нокаутпен жеңіп, кәсіби рингтегі 20-шы жеңісіне қол жеткізеді.
 
нравится:    1311
Теги: Біздің мақтанышымыз, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии