17 Декабрь
14:10
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
28 қазан 10:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Бүгін қазақ примадоннасының туған күні (ФОТО/ВИДЕО)

 
Бүгін күміс көмей, жез таңдай әнші Роза Қуанышқызы Рымбаеваның туған күні. Әнші 1957 жылдың 28-қазанында дүниеге келген.
 Көптеген халықаралық конкурстарда бас жүлдегер болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1977-1979 жылдары «Песня года» фистивалінің финалдарында және КСРО-ның ең үздік ондығы «Звуковая дорожка» хит-парадында (1978 ж. 3-орында Алла Пугачева және София Ротарудан кейін) жоғары орыннан көрініп, үлкен танымалдылыққа ие болды.
 


Биографиясы

 
Роза Рымбаева Шығыс Қазақстан обылысындағы Жаңғызтөбе станциясында теміржолшылар отбасында дүниеге есігін ашқан. Талант анасынан дарыған.  1974 жылы Семейдегі музыкалық училищеге түсіп, мұнда 3 жыл оқиды. Бұдан кейін Алматыдағы театралдық-көркем өнер институтында оқып, оны 1984 жылы тәмамдайды. Алматы қаласындағы театрлық көркемдік институттың музыкалық драмалық комедиясы факультетін бітірген.
 


1976-1979 жж. Республикалық Гүлдер жастар – эстрадалық ансамблінің солисі. 1977 жылы «Алтын Орфейді» жеңіп алады. 1979 жылы - «Қазақконцерт» бірлестігі жанындағы «Арай» эстрадалық ансамблінің солисі. Әншінің халықаралық деңгейде танылуы С.Бәйтерековтің «Әлия» әнін орындауынан басталады. 1979 жылы Роза Рымбаева Ыстамбұлда өткен халықаралық әншілер байқауында лауреат атанды. 1983 жылы Кубада өткен «Гала – 83» халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алады.



Оның орындауындағы қазақ композиторлары Т.Ерешевтің «Гүлдене бер, туған жер», Н.Тілендиевтің «Куә бол», Б.Байқадамовтың «Айгөлек», Ж.Тұяқбаевтың «Атамекен», Т.Сарыбаевтың «Отандастар» әндері тыңдаушылардың үлкен ықыласына бөленген. «Бір бала», «Сәулем-ай», «Кебек», «Назқоңыр», «Әгугай» және т. б. халық әндерін ол өзіндік ерекшелікпен орындайды. Роза Рымбаева сондай-ақ, киноактриса ретінде де танымал. 1982 жылы «До свидания, Медео» совет-чехословак фильмінде басты рөлді сомдайды.
 
Отбасы



Розаның алғаш сахнаға шығуына сеп болған өзінің продюсері Тасқын Оқапов  (1948-1999). Кейін екі майталман отбасын құрады. Әли мен Мәди есімді ұлдарды дүниеге әкеледі. Жолдасы Тасқын марқұмның ерте қайтқан ағасының екі қызы Мншүк пен Әлияны қолдарына алып, өсіреді.
 


Хронологиясы

1974 — өзіндік шығармашылық республикалық конкурсының бірінші премиясы
1975 — өзіндік шығармашылық республикалық конкурсының бірінші премиясы
1976—1979 — «Гүлдер» ансамбілінің солисі
1977 — «Гран-при», «С песней по жизни» бүкілодақтық телевизиялық конкурсы
1977 — «Гран-при» Болгариядағы «Золотой Орфей» фестивалі
1977 — «Гран-при», Сопоттағы халықаралық әндер фестивалі, Польша
1979 — Т.Оқапов жетекшілігіндегі «Арай» ансамбілінің құрылуы
1979 — Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі
1979—1984 — Қазақ Театралды-көркемдік институты
1981 — Лениндік Комсомол премиясының лауреаты.
1983 — «Гран-при» «Гала-83», Куба
1984 — Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі
1986 — Казақ КСР-нің Халық әртісі
1986 — «Гран-при» «Алтын микрофон», Түркия
1995 жылдан бастап Республикалық эстрада-цирк колледжінде оқытушы
2000 — «Эстрада жұлдызы» номинацисында «Жыл Адамы»
2000 — Қырғызстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері
2000 — Платиновый Тарлан премиясын алды
2004 — Қазақстанның Мемлекеттік премиясының лауреаты
2005 — Мәскеуде Эстрада жұлдыздары алаңында жұлдызы ашылды
2007 — "Роза Рымбаева 30 жыл сахнада" мерейтойы
2008 — Пекин олимпиадасының факелын алып жүрді
2008 — Қарағандыда жеке жұлдызы ашылды (Бибігүл Төлегеновадан кейін)
2008 — Эстрада әртісі номинациясында «Қазақстан әйелі» атанды
2008 — "Коктем шакырады"концерттік бағдарламасына 10 жыл
2011 — Қазақстанда өткен VII Қысқы Азия Ойындарының гимнін орындап, факелды алып жүрді
2011 — "Роза Рымбаева 35 жыл сахнада" мерейтойы
2012 — Жапония,Ресей,Түркия және Белоруссиядағы концерттік турне
2013 — Imperial Сән Үйінің бет бейнесі болды





Дискографиясы

1985 — LP "Роза Рымбаева және «Арай» ансамблі , фирма «Мелодия».
 
2003 — LP «Ademi-au» (Таңдаулы әндер)
 
2006 — CD «Cенімен біргемін» (14 қазақша ән)
 
2007 — DVD «30 жыл сахнада» (3 DVD диск  — үш концерт (Мәскеу, СПб, Алматы) и дер. фильм «Роза» және бір CD «Ертеңіме сенемін») [1]
 
2008 — МР3-жинақ «Любовь настала» («Имена на все времена» сериясында, Ресей)
 
2009 — МР3-жинақ «Роза Рымбаева» («Золотая коллекция ретро» сериясында, Ресей)
 
2009 — CD «Вечная весна» (қазақ және кеңестік композиторлар әндері).
 
2010 — CD «Жерiм жаннатым» (Еркін Ынтықбаев әндері).




 
Фильмографиясы

1976 — телевизиялық фильм «Первая песня», студия «Қазақтелефильм».
 
1982 — «До свидания, Медео»\"Revue na zakázku"[1] совет-чехословак фильмінде басты рөл
 
1999 — дер. фильм "Женский взгляд". Роза Рымбаева», реж.Оксана Пушкина (Ресей).
 
2001 — дер. фильм «Роза», реж. Ж.Сабирова.
 
2002 — дер. фильм "Хвост кометы". Роза Рымбаева», реж. А.Бурыкин (Ресей).
 
2010 — дер. фильм «И снова здравствуйте!», (Ресей).
 




Марапаттары

Лениндік комсомол премиясы (1981) — жоғарғы орындаушылық шеберлігі үшін
Халықтар Достығы ордені (1991)
«Парасат» ордені (2000)
Орден Почёта (Ресей) (7 тамыз 2002)
2002 — Қазақстан жұлдыздар аллеясында жеке жұлдызы.
2002 — Тарлан
«Құрмет» ордені (2004)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (2004)
«Звезда созидания» ордені (2004)
2005 — Мәскеудегі жұлдыздар аллеясында жеке жұлдызы.
«Астанаға 10 жыл» медалі (2008)
2008 — Қарағандыдағы жұлдыздар аллеясыдағы жеке жұлдызы
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011)
Шығыс Қазақстан обылысының Құрметті азаматы 2011
Қазақстанның халық әртісі (1986), Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі.




 
Дереккөз: Уикипедия
нравится:    1491
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии