25 Сентябрь
15:52
Астана: 8 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Мәдениет
11 қаңтар 14:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Бүгін қазақтың ерке қызы Мақпалдың туған күні!
Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мақпал Жүнісова 1963 жылы Қарағанды облысында туған.




А. Жұбанов атындағы қазақ музыкалық мектеп-интернатын және Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітірген. Шығармашылық қызметін "Гүлдер" ансамблінің құрамында халық әндерін орындаушы болып бастаған.

Оның репертуарында қазақтың халық әндері, қазіргі замандық қазақ композиторлары Ш. Қалдаяқовтың, Ә. Бейсеуовтың, Б.Тәжібаевтың, Е. Белғозиевтің шығармалары бар. Мақпал Жүнісованың орындауындағы "Ғашық жүрек", "Қыз ғұмыр", "Фариза қыз", "Қоштасу", "Қазақтың ерке қызымын", "Ей,адамдар кешіріңдер" т.б. көптеген  әндері халық сүйіктісіне айналды. 

Қазақ өнерінде өзінің дара жолы,  «Ешкімге ұқсамайтын тағдыры бар»  Мақпалды өнердегі және өмірдегі достары әлеуметтік желіде құттықтап тілектерін жолдауда.



Әнші Қайрат Нұртас өзінің парақшасында:  «Саз үнімен тербеп, наз көңілімен xалқына еркелеп жүрген МАҚПАЛ ӘПКЕ, туған күніңіз құтты болсын! Екі дүниеде бақытты болуды нәсіп етсін! Халықтың маxаббатын ешкім тартып ала алмайды және екінің біріне бұйыра бермейтін бақ - Сіздің басыңызда! Алла соны тұрақты етсін!» деп жүрекжарды сөзін жолдайды.
 
Белгілі продюсер Баян Есентаева Мақпалды туған күнімен құттықтай келе оны «Ұлы әнші және ұлы әйел» деп атады.
 
Ал кезінде Мақпамен бірге дуэт болып ән салған жас әнші Әлішер Кәрімов өзінің әншіге деген махаббатын сөзбен жеткізе алмайтындығын айтып туған күнімен құттықтады.
 

Отбасымен жақын араласатын танымал отандық әнші Сиви Махмудта та өзінің парақшасында құттықтауын жолдады: «Бүгін менің қызымның екінші анасының туылған күні! Мақпал Жүнісова, сізді сізді қатты жақсы көремі, сізге ұзақ және бақытты ғұмыр тілейміз! Ізге ниетпен ең бірінші Салидат, Сиви және Налибаевтар әулетінен»,-дейді.

Сонымен қатар әншіні бір топ үзеңгілестері, өнердегі әріптестері: Толқын Забирова, Жанар Айжанова, Серік Абасшах, Арман Дүйсенов т.б. жұлдыздар құттықтап жатыр. 

Авторы: Абай Айсара
 
нравится:    2184
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии