18 Ноябрь
21:44
Астана: -1 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Әлем жаңалықтары
7 қараша 10:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Бүгін Мейрамбек Беспаев 40 жасқа толды (ФОТО/ВИДЕО)
 
 
Бүгін барша халықтың сүйіктісіне айналған, қазақ эстрадасының қоңыр дауысты әншісі Мейрамбек Беспаевтың туған күні. Мейрамбек Әбіләшімұлы 1976 жылдың 7-қарашасында Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. Отбасында Айнұр, Гүлнұр есімді екі қарындасы бар. Анасы Жібек Жолдасова.
 
Тараз қаласындағы «Глинка» атындағы музыкалық мектептің Қобыз сыныбын бітірген. 1989 жылы Алматы қаласындағы К.Байсейітова атындағы музыкалық мектепке ауысады.
 
1994-98 жж. Т.Жүргенов атындағы театр академиясының «Актер, драма, кино» факультетінен білім алады. Алғаш кәсіби жолын «Сүйінбай» атындағы филармонияда әнші (солист) қызметінен бастайды.
 


1997 ж. қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін тәмамдаған. Жастайынан ән салып, халыққа танымал болды. Оның репертуарында Кенен Әзірбаевтың, А.Қоразбаевтың ("Бозторғай", "Кеш жарық", "Шаш-баулым", т.б.), Н.Тілендиевтің ("Өз елім"), т.б. қазақ композиторларының әндері бар.
 
Бала күнінен сахнаға шығуына себепкер болған белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев. Мейрамбектің өзі де бір сұхбатында: «Бала кезімнен бастап маған ұстазым Алтынбек Қоразбаевтың үлкен септігі тиді. Осы Алтынбек ағамның арқасында шығармашылық жолда маған аса қиын кедергілер кездескен жоқ. Бұл кісіге алғысым шексіз»-дейді. Композитор Мейрамбекті Нұрғиса Тілендиевпен де таныстырған. Атақты Нұрғиса ағамыз Мейрамбектің аузына түкірген.
 
Сахнаға алғаш «Бозторғай» әнімен шыққан.
 
 

2001 жылы Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Мақсат Базарбаев үшеуі «МузАРТ» тобын құрады. «МузАрт» – көне түркі тілінен шыққан, «УЗ» – сал, сері, тағы сол сияқты ер азаматқа тән қасиеттерді, ал «АРТ» – биік, шың, тау деген мағынаны білдіреді екен. Ең алғашқы орындаған әндері Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Қанат Ибраимовтың «Сенің көзің» деген әні. 2003 жылы «МузАРТ» тобы «Өз елім» атты алғашқы жеке концертін береді. 2005 жылы топтың құрамындағы Мақсат Базарбаев жеке әншелікке бет бұрып, оның орнына Кенжебек Жанәбілов келді. Ал 2008 жылы «МузАРТ» тобының құрамына жанды дауыста ән шырқау мақсатында шынайы аспаптар сүйемелдейтін музыканттар алынып, вокалдық-инструменталдық ансамбльге кеңейтілді.


 


Бір қызығы Мейрамбек бала күнінен дәрігер болуды армандаған екен. Бір сұхбатында: «Әнші болмағанда, дәрігер болар едім деп ойлаймын.Себебі, бұл менің бала кездегі арманым болатын. Жалпы, бала кезімізде барлық балалар секілді доп қудық, футболшы болуды армандадық. Кейін жастайымнан ән әлеміне араласып кеткеннен кейін, өнер жолынан басқа мені ешнәрсе қызықтырмады. Сосын шығармашылықта шыңдалу мақсатында осы саланың төңірегінде білім ала бастадым»-дейді.
Ал хоббиі кептер өсіру.
 


2004 жылы өзінен он жас кіші Мархабат есімді аруға үйленіп, шаңырақ көтереді. Ерлі-зайыптылардың қазір Кәусар, Әбухайыр есімді екі баласы бар. Өзінің жастық дәурені туралы: «Біреуге ес-түссіз ғашық болдым деп айта алмаймын. Қарамасаң өлем – күйем деген жағдайға да барған емеспін. Шыны керек көбінесе гастрольдік сапарларда жүретіндіктен менде мұндай жүрістерге аса көп уақыт та бола бермейтін. Мен сүйгеніме қосылған адаммын. Жарыма ғашық болдым. Осыған қуанам, тәубе деймін. Шын сүйгендер қосылмайды дегенге өз басым сенбеймін. Бұл деген сезімге қатты беріліп кеткен адамдардың әңгімесі деп ойлаймын. Тіпті кейбір адамдар бақытының қасында жүргенін де байқамайды. Сондықтан айтарым, қасыңдағы адамыңды бағалай білу керек»-дейді.
 
 



2002-2007 жж. Қазақконцертте әнші (солист) болып жұмыс істеген.
 Мейрамбек әнші, термеші ғана емес. Сонымен қатар бірнеше киноға да түскен. 15 жасында режиссер Қаныбек Қасымбековтің «Қоштасқым келмейді» кинофильміне шақырылып, сәтсіз махаббаттың құрбаны болған Нұрсейіттің бейнесін сомдайды.
 
 
  
2010 жылы Баян Есентаеваның продюсерлігімен әрі барлық өнер адамдарының қатысуымен түсірілген «Ғашық жүрек» атты кинода өз-өзін сомдайды.



Халықтың сүйікті ұлы, дарынды һәм талантты әншіні 40 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, баянды ғұмыр тілейміз!  
нравится:    5304
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии