19 Август
04:07
Астана: 12 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
18 шілде 16:49
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бүгін Сағи Әшімовтің туған күні
Сағи Асанәліұлы – актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері.


 
1961 жылдың 18 шілдесінде Алматы қаласында дүниеге келген. Атақты, аңыз актер Асанәлі Әшімовтің екінші ұлы. Анасы Майра әйгілі Шәкен Аймановтың қызы. Майра Шәкенқызы 1993 жылы дүние салған. 1999 жылдың басында Сағидың ағасы Мәди, жыл соңында өзі көз жұмған. 




 
1983 жылы Алматы театр және кино институтын бітірген Сағи әкесінің жолын қуып, 9-сыныптан бастап киноға түскен Сағи ұзын саны 30-ға жуық образ сомдаған. Көпшіліктің есінде 4 бөлімнен тұратын "Шоқан" филіміндегі Шоқан Уәлиханов арқылы және "Тоғысқан тағдырлар" сериялындағы Тимур Сабыровтың рөлімен қалды. 22 жасында сомдаған Шоқан рөлі үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болған. Аталмыш киноның режиссері - әкесі Асанәлі Әшімов. Сондай-ақ «Өз дәніңді өсір» фильміндегі Қалам (1978), “Мазасыз балалардағы” Әкім (1980), “Ойлануға бір айдағы” Арыстан (1981), “Қаралы сұлудағы” қызметші (1982), “Айсұлу жайлы аңыздағы” Тәуекел хан (1990) рөлдерін сомдады.







Қазақ кино өнерінде жарқ еткен талант, небары 38 жасында жұлдыздай ағып түсті. 1999 жылы жарық дүниеден озды. Былтыр Сағи Әшімовтің құрметіне  Алматыдағы Жұлдыздар алеясында арнайы жұлдыз орнатылған болатын. Сол шараға әкесі Асанәлі Әшімовпен бірге соңында қалған қос тұяғы – ұлы мен қызы қатысты.


                                                                       Оң жақта егіздері - ұлы мен қызы
 
Дереккөз: Reactor
нравится:    698
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии