24 Май
15:56
Астана: 0 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 326.00
EUR/KZT: 382.20
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.05
Экономика
7 наурыз 09:20
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​ Бүгін Сатыбалды Нарымбетовтің туған күні
Қазақтың марқасқа ұлы мейрам қарсаңында 72 жасқа толып жатыр.



Кинорежиссер 1946 жылдың 7-наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында туған.

Сатыбалды Жәлелұлы 1969 жылы Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтын, 1984 жылы жоғарғы режиссерлік курсты (Г.Н.Данелияның шеберханасы бойынша) бітірген. Ұзақ жылдар бойы «Қазақфильм» студиясында еңбек етіп, режиссерлік жұмысынан бөлек жазушылық қырымен де танылды. Балаларға арналған «Шоқ пен Шер» фильмінің сценарийін (1971) жазған.
 


Режисерлігі
“Құрманғазы” атты деректі фильм (1972 жылы)
“Зауал” (1981 жылы)
“Күзгі бұралаң жол” (1984 жылы) қысқа метражды фильм
“Ұрын келген күйеу” (1987 жылы)
“Созақтан шыққан Гамлет” (1990 жылы)
“Көзімнің қарасы”
“Жас аккордеоншының өмірбаяны” (1994 жылы Анапа қаласында өткен 3-Бүкілресейлік “Кино-Шок” кинофестивалінің жүлдесін, Халықаралық кинофестивалінің дипломын, Франция, Анже (1995 жылы); Француз кино өнері академиясының сыйлығын (1996 жылы) алған)
“Омпа” (1998 жылы).
 


Кітаптары
“Тентек” (1968 жылы)
“Ассалаумағалейкум, Атлантида!” (1981 жылы) атты повесть, әңгімелер жинақтары жарық көрген.

Марапаттары
1996 жылы Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығын, «Құрмет» орденін, 2000 жылы Тәуелсіз «Платинды Тарлан» сыйлығын, 2005 жылы президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алған. 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталған.
 
Қоғамдық қызметі
Жан Виго атындағы Халықаралық клубтың мүшесі (Париж қаласы).
КСРО Жазушылар одағының мүшесі.
ҚР Жазушылар одағының мүшесі.



Reactor ұжымының атынан туған күніңізбен құттықтаймыз! Ұзақ та баянды ғұмыр берсін!

Дереккөз: kk.wikipedia.org
нравится:    61
Теги: Главная, Тұлға,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии