|    |  
21 қараша 2019
16:14
қаз
Бүгін «селфидің туған күні»: соңғы жылдары кең таралған суреттер
20 маусым 2017, 17:34 58
1. Мысықтың селфиі
 
Мэнни (@yoremahm) атты бұл мысық автопортреттерінің арқасында  Instagram желісінде кең танылды. Ол әдетте өзінің екі ротвейлер досымен бірге түседі.


 
2. Оскар селфиі
 
2014 жылы актёр Брэдли Купер «Оскар» сыйлығын тапсыру салтанатында әріптестерімен селфи жасаған. Джаред Лето, Дженнифер Лоуренс, Ченнинг Татум, Мэрил Стрип, Джулия Робертс, Кевин Спейси, Брэд Питт, Люпита Нионго мен Анджелина Джоли түскен. Ал жүргізуші Эллен ДеДженерес суретті әлеуметтік желіге жүктеген бойда ол кең таралып кетті.


 
3. Биіктік королі
 
Жас фотограф Кирилл Орешкин әдемі суреттер үшін өмірін қатерге тігеді. Ол биік ғимараттардан түсірген селфилерді жинайды.


 
4. Ғарыштан түсірілген селфи
 
Неміс ғарышкері Александр Герст бұл селфиді 2014 жылдың 10 қарашасында түсірген.


 
5. Жойылуға шақ қалған жануар
 
Квокка – жойылып кету қаупі төніп тұрған жануар. Бірақ туристерге олармен суретке түсуге шектеу жоқ.











Дереккөз: Метро


Жаңалықтар