20 Октябрь
18:40
Астана: 8 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Экономика
25 қазан 11:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бұл күн - Әлия Молдағұлова дүниеге келген күн

 
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ қызы. Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.
 
 Шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты. 1925 жылы 25-қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрады. Ал 1935 жылдан бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектепте оқиды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйінен Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
 


1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 жылы 14-қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
 

                                                    Әлия құрбысы Нина Быстровамен

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.
Әлия есімі көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходына берілген. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург , Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.
 

                                                       Әлия Молдағұлова


                                       Әлияның сіңілісі Сапураға жазған хаттары


                                  Әлияның бюсті. Авторы — скульптор Өмірзақ Шанов.


                                           Әлияның кішкентай кезіндегі суреті


                                 Астана қаласында Әлия мен Мәншүкке орнатылған ескерткіш




Сазгер Сейдолла Бәйтерековтің "Әлия" деп аталатын әніне "КешYou" тобының түсірген бейнебаяны. 

Дереккөз: Уикипедия
Суреттер el.kz сайтынан алынды
нравится:    1622
Теги: Главная, Тұлға,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии