21 Август
17:51
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
29 маусым 16:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бурак Озчивит пен Неслихан Атагүл туралы не білесіз?
Жақында түріктердің «Өшпейтін махаббат» фильмі мәресіне жетті. Мыңдаған қазақстандық жалықпай көрген кинода басты кейіпкерлерді белгілі түрік актерлері Бурак Озчивит пен Неслихан Атагүл сомдады.




 
Бурак Озчивит 1984 жылдың 24 желтоқсанында Түркияның Мерсин қаласында дүниеге келген. Актер қалың көрерменге «Королёк - птичка певчая», «Великолепный век» фильмдеріндегі рөлдері арқылы кең танылды.



Әкесі кәсіпкер болса, анасы үйде бала тәрбиесімен шұғылданған. Өзінен үлкен әпкесі бар.


 
Бала күнінде мультфильмдерді қызыға көрген ол мектеп бітіргеннен кейін Ыстамбұлдаға Мармар университетіне кино факультетіне түскен. Оқумен қатар модельдік кәсіппен шұғылданып, 2006 жылға дейін Түркиядағы ең жоғары сұранысқа ие модельдердің бірі болады. Сән әлемінде бірнеше конкурстарға қатысып, кинорежиссерлердің көзіне түседі. Кино саласындағы мансабы «Минус 18», «Муж по принуждению» фильмдерінен басталған.


 
2015 жылы Фахрие Эвдженмен көңіл қосып, бірнеше ай азаматтық некеде тұрады. Ал 2016 жылы заңды түрде некелерін қияды.


 
Көпшіліктің көзайымына айналған Неслихан Атагүл 1992 жылдың 20 тамызында Ыстамбұлда дүниеге келген. Әкесі қарапайым жүргізуші болса, анасы үй шаруасындағы әйел. Өзінен үлкен ағасы бар.


 
Бала кезінен теледидар алдында телесериалдарға телміріп, кино әлеміне қызыққан Неслихан он үш жасында-ақ анасымен бірге агенттіктерді аралап, фотосуреттерін қалдырады. Әдемі қызды жарнама агенттіктері байқап, ә дегеннен-ақ Түркиядағы танымал журналдардың мұқабасына шығады. Осылайша сән әлеміндегі мансабы сәтті басталады. Кейін режиссерлер мен киностудиялардан ұсыныстар түсе бастайды. Алғаш рет «Алғашқы махаббат» фильміне түссе, кейін «Листопад» картинасында Дениздің рөлін сомдайды. Одан кейін «Чистилище», «Два лица Стамбула» киноларына түскен.



Осы соңғы аталған фильмнің түсірілімінде өзінің өмірлік серігі Кадир Догулумен танысады. Ғашықтар былтырғы жылдың жазында шаңырақ көтерген.



Дайындаған: Reactor
 
 
нравится:    484
Теги: Кино және ТВ, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии