|    |  
21 қараша 2018
08:55
қаз
Буркино-Фасо президентін күзетшілері тұтқындады
17 қыркүйек, 09:46 939


Буркино-Фасо мемлекетінде президент гвардиясы үкімет отырысына басып кіріп, мемлекет басшысының міндетін атқарушы Мишель Кафандо мен бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктерді тұтқынға алды. Бұл туралы Вести.Ru. хабарлады.

«Гвардия солдаттар тобы президентті, премьер-министр мен министрлер кабинеті мүшелерінің бәрін тұтқындады. Әзірге олар ештеңе жайлы сұрап отырған жоқ», – деп мәлімдеді РИА Новости.

2014 жылы Африканың бұл дәулетінде президент Блэз Компаоренің елді 27 жыл басқарғаннан кейін де өзінің орынтағында қалуға әрекет жасауына наразылық білдірушілер жаппай ереуілге шыққан. Елде осы кезде төтенше жағдай жарияланып, үкімет таратылған болатын. Ал Копраоре елден қашып  кеткен болатын.
Жаңалықтар