|    |  
27 маусым 2019
01:13
қаз
​Бүркіт Аишаны ұрлап кетті дегендерге жауап берді
20 мамыр 2019, 15:56 306
Әнші Бүркіт әлеуметтік желідегі парақшасында Аишаны ұрлап кетті деген қауесет сөзді таратқандарға жауап беріп, мән-жайдың анық-қанығын айтты.


 
«Көптен бері жазғым келіп жүр еді. Үндемегеннен кейін адамдар мынау рас екен деп ойлап қалмасын деп жазып отырмын. Қадірменді көпшілік, біраз уақыттан бері , Аишаны біреу ұрлап кетіпті, сосын Бүркіт біреулермен атысыпты, сосын зорға дегенде қайтарыпты деген әңгіме-өсек қайдан шықты екен?! Айналайындар, фантазия деген ұрып тұр екен! Бұл ойнайтын әңгіме емес! Біздің беделімізді түсіргісі келген ойменен біреудің ойдан құрастырған өсегі үшін сол пендеге Аллаһ осы қасиетті Рамазан айында кешірімін берсін! Біз басында оған қатты мән бермеген едік, бірақ барған сайын болған оқиға ұқсатып естіген жұрт алып бара жатыр! Масқара! Құрметті достар, әйелімді ешкім ешқашан ешқайда ұрлаған емес! Біреудің артынан өсек айтуға мәстерміз ғой! Тағы да қайталаймын, осындай кір, надан,жүйкесі тозған біреулер шығарған әңгіменің аяғы осы болсын! Құдайдан қорқыңыздар! Аллаға шүкір 2 ұл,1 қызымыз бар! Біз бақытты отбасыларының біріміз! Осы әңгімені естігенде денеміз түршігеді. Басқалардың атын қаралауды қойыңыздар! Ниеттеріңіз түзу болсын! Сабырлық берсін Алламыз!»-деп жазған әнші.

 

Көптен бері жазғым келіп жүр еді, бірақ... Үндемегеннен кейін адамдар ойлап қалмасын мынау рас екен деп, сосын жазып отырмын; -Қадірменді көпшілік, біраз уақыттан бері , Аишаны біреу ұрлап кетіпті, сосын Бүркіт біреулермен атысыпты , сосын зорға дегенде қайтарыпты деген әңгіме-өсек қайдан шықты екен?! Айналайындар, фантазия деген ұрып тұр екен ! Бұл ойнайтын әңгіме емес! Біздің беделімізді түсіргісі келген ойменен біреудің ойдан құрастырған өсегі үшін сол пендеге Аллаһ осы қасиетті Рамазан айында кешірімін берсін! Біз басында оған қатты мән бермеген едік, бірақ барған сайын болған оқиға ұқсатып естіген жұрт алып бара жатыр! Масқара!!! Құрметті достар, әйелімді ешкім ешқашан ешқайда ұрлаған емес! Біреудің артынан өсек айтуға мәстерміз ғой! Тағы да қайталаймын, осындай кір, надан,жүйкесі тозған біреулер шығарған әңгіменің аяғы осы болсын! Құдайдан қорқыңыздар! Аллаға шүкір 2 ұл,1 қызымыз бар! Біз бақытты отбасыларының біріміз! Осы әңгімені естігенде денеміз түршігеді. Басқалардың атын қаралауды қойыңыздар! Ниеттеріңіз түзу болсын! Сабырлық берсін Алламыз! #беркутаиша #qazaqstan #berkutaisha #qazaqstan #love #goodday

Публикация от Berqut (@berqut_qazaqstan)


Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар